Павлодарда психикалық ауытқуы бар адам жас балаға тап берген (видео)

Павлодарда психикалық ауытқуы бар адам тоғыз жастағы мектептен үйіне қайтып келе жатқан жас балаға шабуыл жасады.
Батыр блогер ақпаратына қарағанда, бұл оқиға наурыз мейрамының қарсаңында, 19 наурызда болған. Шизофренияға шалдыққан ауру адам үйіне жақындаған мектеп оқушысының соңынан түскен. Тіпті оның бұл әрекеті есік алдындағы бейнекамераға да түскен.
«Ұлым 16:00-де мектептен қайтып келе жатқан еді. Ер адам оны аулада қарсы алып, соңынан ілескен. Кіреберіске кіріп, баланы бірінші қабатта ұстап алып, күшпен ұстап тұрып жібермеген», – дейді баланың анасы.
Оның сөзіне қарағанда, сол кезде Ерлан атты курьер кіріп қалып, балаға араша түскен. Аутқуы бар адам тайсалмай, баланы өзінің ұлы екенін айтқан. Ерлан оны әрең қуып жіберген.
«Ұлым қатты қорқып, үйге жылап кірді. Ерлан кіреберіске кірмегенде не боларын ойлаудың өзі қорқынышты», – дейді анасы.
Қазір аутқуы бар адам ұсталды. Сот оны арнайы медициналық мекемеге жіберуге үкім шығарған.
Мұның алдында Астанада шизофрениямен ауыратын жасөспірім лифтіде бес жастағы балаға пышақтаған еді.