Магнитудасы 7,7 балл. Мьянмада жер сілкінді

Мьянмада жер сілкінді. Жерасты думпулерінің магнитудасы 7,7 балды құраған. Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі хабарлады.
Жерасты дүмпулері Мьянма елімен қатар, Бангладеш, Үндістан, Таиланд, Лаос және Қытайда сезілген. Жер сілкінісінің магнитудасы кей ақпараттарда 7,7 балға жеткені айтылады. Ал АҚШ геологиялық қызметінің сайтында жер сілкінісінің қуаты 6,4 балды құрағаны жазылған.
Зілзала жергілікті уақыт бойынша 12:32-де болған. Ал эпицентрі Мьянманың Сагайна елдімекенінің оңтүстік-шығысында, 18 шақырым жерде, 10 км тереңдікте тіркелген.
Reuters басылымының хабарлауынша, бұл жер сілікінісі Таиланд халқының да үрейін алған. Бангкок және Янгон қалаларында халық қатты дүрлігіп, үйлерінен қашып шыққан. Бангкокта құрылысы жүріп жатқан ғимараттың құлағаны туралы ақпарат тарады. Әзірге адамдардың зардап шеккені туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, бүгін түнгі уақыт 3:42-де Меркіде жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанның Бішкек қаласына жақын маңда тіркелді. Мұнда жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,5 балға дейін жеткен.