Вьетнамға ұшатын Air Astana рейсі неге кешікті – әуе компаниясы жауап берді

Air Astana мен SCAT әуе компанияларының жолаушылары 28 наурыз түннен таңға дейін өз рейстерін тосқан. Ұшақтардың неге кешіктірілгенін KursivMedia редакцияcs Air Astana компаниясынан анықтап сұрады.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, К193 рейсі техникалық себептерге байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.
«28 наурызда Алматы-Нячанг бағыты бойынша түнгі К193 рейсін орындаған Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонды. Терминалда рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, трансфермен және қонақүймен қамтамасыз етілді», – делінген баспасөз хабарламасында.
Әуе компаниясы түнімен өз рейсін күткен жолаушылардың 7:15-те басқа ұшаққа отырғызылғанын хабарлады.
SCAT әуе компаниясы техникалық тексеріске байланысты ұшақтарының кешіккенін хабарлаған. Айта кетейік, компанияның 5235 рейсі Алматы – Пхукет бағытында ұшуы керек болған.
Айта кетейік, екі компанияның да рейстері бүгін жер сілкінісі тіркелген аймаққа ұшқан. Air Astana әуе компаниясының ұшағы бүгін жойқын жер сілкінісі болған Бангкок әуежайынан бірнеше сағат бұрын көтерілгені хабарланады. Нақтырақ айтқанда. Бангкок — Алматы бағытында ұшатын рейс жергілікті уақыт бойынша 10:15-те елге бет алған. Ал жер сілкінісі үш сағаттан кейін, 13:20-да тіркелген.