Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға қандай жаза қарастырылған

Атырауда Қазақстанның мемлекеттік туын ұстап фотоға түскен ниқабтағы төрт қызға қылмыстық кодекстің мемлекеттік рәміздерді қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың кінәсі дәлелденсе, күдіктілер екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды KursivMedia.
Қылмыстық кодекстің 372-бабы (Мемлекеттік рәміздерді қорлау) санкциясында 3 000 АЕК-ке дейінгі (1 1 796 000 теңге) мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту көзделген. Сондай-ақ 900 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Заңға сәйкес, мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектелуі не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін фотодағы төрт күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгені белгілі болды. Оның екеуі кәмелет жасына толмаған.
Осы оқиғадан кейін мемлекеттік туды сататын маркетплейстер де пікір білдірді.
OZON платформасының хабарлауынша, тауар сайттан алынды және енді тапсырыс беру үшін қолжетімсіз. Wildberries тауарды тексеріп, туды платформада бұғаттау туралы шешім қабылдаған.