Таразда тағы жер сілкінді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Таразда тағы жер сілкінді
Таразда тағы жер сілкінді / shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Тараз жақта тағы жер сілкінді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 15:56-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Тараз қаласының шығысында, 84 км қашықтықта тіркелген. Жер асты думпулері 8 км тереңдікте болған. Ал қуаты 4,7 балды құраған.

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер тіркелмегенін хабарлады.

«ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта жер сілкінісі Жамбыл облысында тіркелді. Есептік қарқындылығы нақтылануда. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетсек, бүгін түнгі 3:42-де жер сілкінді. Бұл жер сілкінісі Тараз, Шу қалаларының, Меркі, Құлан ауылдарының халқы сезді. Бұл өңірлерде жерасты думпулерінің магнитудасы 5 балға дейін жеткені айтылады.

Бүгін жалпы әлем бойынша жер асты плиталарының белсенділігі байқалады. Мьянмада 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жергілікті уақыт бойынша 12:32-де болған жерасты думпулері көршілес елдерге де әсер етті. Таиландтың Бангкок қаласында жаңадан салынып жатқан ғимараттың құлағаны туралы ақпарат тарады. Зардап шеккен адамдар бар екені айтылады. Жер сілкінісіне байланысты Таиланд әуежайы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ оқыңыз