Қарағанды облысында елде баламасы жоқ сирек металдар қоры анықталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
сирек металдар
Қарағанды облысында қоры 20 млн тоннадан асатын сирек металдар кеніші анықталды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қарағанды облысында 1 млн тонна қоры бар бірнеше сирек металдар кеніші анықталды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

«Құйрықтыкөл учаскесінде барлау жұмыстары кезінде шамамен миллион тоннаны құрайтын сирек жер металдарының үлкен ресурстары бар бірнеше перспективалы аймақтар анықталды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сирек металдар қоры анықталған Құйрықтыкөл учаскесі – Қарағанды ​​облысы Қарқаралы ауданында, Қарқаралыдан солтүстік-шығысқа қарай 100 км жерде орналасқан. Астанадан оңтүстік-шығысқа қарай 300 км жерде.

Сөнген жанартау

Министрлік мәліметтінше, Құйрықтыкөл кенінің жыныстары магмалық процестердің әсерінен өзгерген сөнген жанартаулар мен олардың әрекет өнімдерінен тұрады.

Сирек металдардың жайылу шкаласына сәйкес ең перспективалы аудандар Ырғыз және Дос 2 кен орындары. Мұнда сирек жер элементтерінің жалпы мөлшері 0,1%-дан асады, жекелеген үлгілерде 0,25%-ға және одан да жоғары дәрежеге жетеді.

«Кен сынамаларын алу және сирек жер элементтерін сандық анықтау нәтижелері бойынша жүргізілген Ырғыз ауданындағы бөлінген блоктың қорларының алдын ала есебі орташа мөлшері 0,1%-дан астам 800 мың тоннаға жуық металдардың барын көрсетті», – делінген баспасөз хабарламасында.

Жаңа Қазақстан

Министрдік қолда бар барлық тарихи материалдар мен геологиялық барлау жұмыстарының мәліметтерін талдай келе, Жаңа Қазақстан атты өте үлкен болжамды ауданын анықтаған. Жаңа Қазақстан ауданы Құйрықтыкөл учаскесін түгел қамтидыж және перспективалы кеніш саналады.

Жаңа Қазақстан ауданында жер жынысын 300 метр тереңдікте зерттеген мамандар, бұл орыннан 20,0 млн тоннадан асатын жер металдарының жалпы болжамды қорын анықтаған. Жер элементтерінің орташа мөлшері шамамен тоннасына 700 грамды құрайды.

«Қазақстанда сирек жерді кен жайылудың мұндай түрінің аналогтары жоқ, бұл оны жаңа өнеркәсіптік типке жатқызуға мүмкіндік береді», – деп хабарлайды .

Министрлік анықталған сирек жер кен орындары мен перспективалық учаскелердегі кен қоры одан әрі расталса, болашақта Қазақстанның сирек жер элементтерінің қоры бойынша әлемде жетекші орынға шығуына ықпал ететінін хабарлайды.

Еске сала кетсек, жыл басында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қостанай мен Қарағанды өңірлерінде әлеуетті кен орындары анықталғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз