7 сәуір әлемде және Қазақстанда қандай күн?

7 сәуір – әлемдік және ұлттық деңгейде бірқатар маңызды оқиғалармен ерекшеленетін күн. Бұл күні жаһан жұрты денсаулықты дәріптесе, Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жүрген жандардың еңбегі ұлықталады.
Дүниежүзілік денсаулық күні
Бұл күн 1948 жылы құрылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) құрметіне 1950 жылдан бері атап өтіледі. Әр жылы ДДСҰ денсаулық саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, жаһандық үндеулер жасайды. 2025 жылғы ұраны – «Салауатты бастамалар, үмітті болашақ». Бұл жолы әлем ана мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына ерекше назар аударады.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні
Қазақстанда 7 сәуір 2024 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні болып жаңа кәсіби мереке ретінде бекітілді.
Туған күн иелері
7 сәуір – сондай-ақ бірқатар танымал тұлғалардың туған күні. Олардың қатарында:
- Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871–1948) – қазақтың тұңғыш кәсіби балуаны, әлемдік аренада ел намысын қорғаған тұлға;
- Мария Мудряк (1994) – халықаралық деңгейде танылған қазақстандық опера әншісі;
- Джеки Чан (1954) – әлемге әйгілі актер, каскадер;
- Фрэнсис Форд Коппола (1939) – «Крестный отец» фильмінің режиссері;
- Рассел Кроу (1964) – «Гладиатор» фильмі арқылы танымал болған актер;
- Фрэнк Рибери (1983) – француз футболшысы;
Еске сала кетейік, бұған дейін 1 сәуір күні композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерей тойы туралы жазған едік.