Қазақстандықтарға қандай жалақы жиірек ұсынылады

Қазақстан бойынша ұсынылған орташа медиандық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық. Мұндай деректерді hh.kz платформасы 2025 жылдың I тоқсанында еңбек нарығы қалай құбылғаны туралы шолу материалында келтірген.
Жыл басынан бергі үш айда Қазақстан бойынша ұсынылған орташа медиандық жалақы – 308 088 теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық. Медиандық жалақы орташа көрсеткішке қарағанда нақтырақ шама. Өйткені бұл сан жұмысшылардың жартысы осы жалақыдан артық, ал қалған жартысы осыдан аз алатынын білдіреді.
Жалақының ең үлкен өсімі төмендегі салаларда байқалған:
- Жоғарғы менеджмент
- Маркетинг
- Стратегия, инвестиция және консалтинг
Платформа жыл басынан бері жалпы барлық салаларда жалақы ұсыныстарының өскені байқалғанын атап өткен.
2025 жылдың I тоқсанында hh.kz платформасына 120 мыңнан астам белсенді бос жұмыс орны жарияланған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп. Аталған цифр елде жұмыс күшіне деген сұраныс тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетіп, еңбек нарығына оң әсер етіп отыр.
Қазақстанда ерлер мен әйелдер жалақысындағы айырмашылық алшақ. Оның бірнеше себебі бар.
Үкімет 2029 жылға қарай Қазақстанда орташа жалақы 570 мың теңгеден асуы мүмкін екенін болжап отыр.