Ердоған оппозиция басшысының үстінен шағым түсіріп, моральдық шығын өтеуін талап етті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оппозициялық Халықтық республикалық партиясының төрағасы Өзгүр Өзелдің үстінен сотқа шағым түсіріп, моральдың шығын өтеуді талап етті. Бұл туралы сейсенбі, 8 сәуір күні президенттің қорғаушысы Хусейн Айдын мәлімдеген.
Түркия президенті оппозиция басшысына өзін «бүлікші» деп атағаны үшін ренжіген.
«Президентке тіл тигізгені үшін Анкара Бас прокуратурасына оппозициялық Республикалық Халық партиясының (CHP) төрағасы Өзгур Өзелге қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлімдеген президенттің қорғаушысы.
Хусейн Айдын сотқа жіберілген талап сомасы 500 мың лирді құрайтынын (13 мың доллар) айтқан.
Партия төрағасы Өзгүр Өзел 6 сәуірде өткен партия съезінде Ердоған мен ел үкіметін бүлікшіге теңеп, билікті басып алғанын мәлімдеген. Бұл сөзінен кейін Түркия үкіметінің мүшелері оппозиционерді сынға ала бастаған.
Айта кетейік, Түркияда қазір билікке қатысты сын көп айтылып жатыр. Оппозиция Ыстанбұл қаласының әкімі Экрем Имамоғлының қамауға алынуына қарсы шығып, ереуілдер ұйымдастырды.