Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Ақорда
Тоқаев жиын өткізді/фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жиында әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

Президент Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.

Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз