Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот – Талдықорғаннан фоторепортаж

10 сәуірде Алматы облыстық соты Талғар қаласында кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысын бастайды. Kursiv.Media тілшісі оқиға орнына БАҚ өкілдерінің жиналып жатқанын хабарлады.


Сот ғимараты маңында күзет күшейтілген. Тіпті кинологтар екі итпен сот ғимаратына кіріп кетті.

Әзірге адам көп емес. Негізінен БАҚ өкілдері жиналып жатыр. Жергілікті сот өкілінің айтуынша, БАҚ өкілдерін жеке бөлмеге отырғызады.

Көзге көрінетін тұста, сот ғимаратының дәл қасында бір жедел жәрдем көлігі мен бір полиция көлігі тұр.


Істі Алматы облыстық соты қарағанымен ғимарат Талдықорғанда орналасқандықтан, Жетісу облыстық сотына тиесілі.

Сот отырысы сағат 12:00 басталуы тиіс. Отырысқа жарты сағат қалғанда, сот ғимаратына адамдар кіре бастады.

Бүгін, 10 сәуірде, Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың қазасына қатысты іс бойынша соттың алдын ала тыңдауы басталады. Kursiv.Media сот отырысына тікелей трансляция ұсынады.
«Адам өлтіру», «бұзақылық», «қорқыту» және «қылмыс туралы хабар бермеу» фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді Алматы облысының полициясы тергеді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Оның ішінде 40 сот сараптамасы, 200-ге жуық куәгердің жауабы бар. Іске қосымша сегіз видеоматериал тіркелген.
Жәбірленуші тараптың мүддесін сотта адвокат Мейірман Шекеевтің кеңсесі қорғайды. Оған Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ыбраев, Бағдат Амандосұлы және Бекзат Мязов сынды адвокаттар көмектеседі.