Ассамблеяда ауыс-түйіс. Тоқаев төраға орынбасарларын қызметінен босатты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев Ассамблеяда ауыс-түйіс
Қасым-Жомарт Тоқаев өкімімен ассамблея орынбасарлары қызметінен босады / Фото: Ақорда

Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Ал бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары лауазымында болған Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Тоқаевтың өкімімен қызметтерінен босатылған.

Сондай-ақ оқыңыз