Шерзат ісі: 18 сәуірде марқұмның ата-анасынан жауап алынады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат
Ертең Қаржаубай Нұрымовтан жауап алынады/фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Сот процесі 18 сәуір сағат 10:00-де жалғасады, деп хабарлайды KursivMedia.

17 сәуірде мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Іс бойынша 9 сотталушы бар.

Істі қарау барысында алдымен жәбірленуші тараптан, содан кейін куәгерлер, сотталушылардан жауап алынады.

Істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Дана Сәрсенбай мен Ержан Құрақбаев.

Айыпталушылар қатарында 9 адам бар

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша сотталушылар қатарында 9 адам бар. Олар:

Абзал Шынасыл;

Равиль Сакиев;

Шыңғыс Белғожаев;

Дархан Әскентай;

Нұрбол Тоқтаубаев;

Азамат Тоқтаубаев;

Нұрқияс Ілиясов;

Дидар Қалиахмет;

Думан Ысқақ.

Толығырақ мына жерден оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз