Рахымжан Жақайым орындайтын ән Азия TikTok-ын жарып жатыр
Жарияланды
(жаңартылды )

Эстрада әншісі Рахымжан Жақайым ойындайтын «Сен маған массың» әні TikTok желісінің Азиялық сегментінде кеңінен таралып жатыр.
Қолданушылар әннің ырғағына қарай билеп, түрлі видеолар салуда.
Осыдан бес жыл бұрын шыққан ән көптеген қолданушылардың көңілінен шыққанын байқауға болады.
Комментарийлерде қазақ пен қырғыз қолданушылары әннің кеңінен таралып жатқанына дән риза екенін айтып, кейде бұл «қызғыздың әні», «алайда оның бағын жандырған қазақ әншісі» деп таласып-тартысып қалып та жатыр.
Қазіргі уақытта аталған Рахымжан Жақайым орындайтын әнге түсірілген видеолардың қаралымы ондаған миллионнан асып кеткен.
@ai_yin_yue 久违了葫芦娃 #你是我的期许 #我要上推荐 #跳舞 #简单易学舞蹈 #热门音乐 #loopk87 ♬ original sound – 音乐馆🎶
@duobianxing 神曲申请出战#珠宝💎小姐姐 #舞台无处不在 ♬ 原聲 – 多边形小栗子
@daoyil1421 #舞台无处不在 #热爱工作热爱生活 #下班后的日常 ♬ 原聲 – DaoYiL1421
@daoyil1421 #你是我的期许 ♬ 原聲 – DaoYiL1421
Бұған дейін, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің концерті елде кинотеатрдан көрсетілетінін хабарлағанбыз.