Шерзаттың әкесі «хуторский» сөзінен неге қорыққанын түсіндірді

Талдықорған сотында Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. 18 сәуірде өтіп жатқан сот процесінде жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов 2024 жылдың 4 қазанында болған жағдайды айтып берді, деп хабарлайды KursivMedia.
Нұрымовтың айтуынша, сотталушылардың бірі сол күні өзін «хуторский» деп таныстырған.
«…Дүкенге Нұрбол келді, көлікте кәмелетке толмаған жас жігіт болды. Көліктен шығып «кім?» деп сұрады. Балаға ашуланып кетпесін деп, «мен соқтым» дедім. «Танымайсыңдар ма, мен Нұрболмын, хуторскиймін, біз Хутордің жігіттеріміз» деді. Нұрбол мас екен. Дархан жетім бала ғой, неге жетім баланы ұрасыңдар деп айтты. Ұстап алып, оны ешкім ұрған жоқ», – деді Нұрымов.
Жәбірленуші не себепті дүкеннен пышақ алып шыққанын да айтты.
«Қорғану мақсатында қолыма пышақ алдым. Нұрбол Тоқтаубаев «Хуторскийміз» дегенде сескендік. (Бізді) түсінбейді, төбелес тоқтамайды, бәрібір өзінікін жасап кетеді деген ой болды. Ауылда еститінбіз. Қаншама бала жарақат алған. Себебі ауылдағы «Хутордың» балалары көршімізді солай пышақтап атып, өлтіріп кеткен. Мен сескеніп, өзімді қорғау мақсатында қолыма май кесетін пышақты алдым», – Шерзаттың әкесі.