Төлқұжат пен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру жыл соңына дейін іске асады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жеке төлқұжат
Төлқұжат пен жүргізуші куәлігін тек жыл соңында онлайн ауыстыруға болады/Фото: ашық дерек

Жеке куәлікті онлайн ауыстыру қызметі әлі әзірленіп жатыр. Бұл функция жыл соңына дейін іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен жауап алған Vlast порталы жазады.

Министрлік өкілдері мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында, жыл соңына дейін кезең-кезеңімен онлайн форматқа ауыстырылатын ең сұранысқа ие 10 қызмет түрін анықтағанын хабарлады.

Аталған қызметтер қатарына – көлік құралын тіркеу, паспорт пен жеке куәлік беру, ЭЦҚ беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, шетелдіктерге ЖСН беру, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, еңбек мигранттарына рұқсат беру, жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт беру және жерге құқық белгілейтін құжаттар мен бірыңғай мемлекеттік кадастрлық нөмірге мәлімет енгізу кіреді.

Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жеке куәлікті ауыстыру қызметі сәуір айының соңына дейін онлайн форматқа көшірілетінін айтқан. Әзірге кейінге қалып тұр. Дайын құжаттарды алу үшін азаматтар әдеттегідей ХҚКО-ға баруы тиіс болады.

Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі — жеке куәлікті ауыстыру. Бұрын азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталығына келуі, фото түсіруі және ұзақ кезекте тұруы
қажет болатын. Айдың соңына дейін бұл процесс толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Біз процестерді сәтті сынақтан өткіздік және фотосуреттің талаптарға сәйкестігін маманның орнына AI-модель бағалайтын жүйені оқытуды аяқтап жатырмыз», – деген еді Мәдиев.

Сондай-ақ оқыңыз