Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды
Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды/Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс болып, қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов жарақат алған. Бұл туралы қалалық ПД хабарлады.

Полиция мәліметінше, Руслан Берденов ауруханаға жеткізілген.

«Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген полиция хабарламасында.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталатынын хабарлаған.

Экс-депутат Руслан Берденов осыдан екі ай бұрын ғана Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

Берденов еңбек жолын белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың компаниясында бастап, өзі де бизнеске бет бұрған. Дәріхана, мейрамхана салаларында бизнесі бар. Екі жыл мәжілісте депутат болып, парламент өкілі ретінде букмекерлік кеңселерге қарсы күрес жүргізуімен көптің есінде қалды.

Сондай-ақ оқыңыз