2050 жылға қарай Каспий теңізі 33 метрге дейін ортаяды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Каспий теңізі
Каспий теңізі 2050 жылға қарай айтарлықтай ортаяды / Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Каспий теңізі Аралдың күйін кешуі мүмкін. Санаулы жылдардан кейін Каспий теңізінің деңгейі 33 метрге бірақ ортаяды деп болжайды мамандар. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев мәжілісте айтты.

«Қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес Каспий теңізінің деңгейі 2050 жылға қарай төмендеу үрдісін сақтап, минус 33 метр белгісіне дейін жетуі мүмкін», – деді вице-министр.

Министрлік өкілінің айтуынша, Каспий теңізінің деңгейі минус 28,5 метрге дейін төмендесе, оның экожүйесіне, теңіз шаруашылығына үлкен қауіп төнеді.

Каспийді құтқару үшін құрылған инсттитутқа қаражат бөлінбеген

Министрлік Эколокгиялық құбылыстың теріс әсерінің алдын алу мақсатына арнайы Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құрған. Бұл институт бір жыл бұрын құрылғанымен, әлі де қаржыландырылымаған. Министрлік Үкімет резервінен ақша бөлуді сұраған. Бірақ шешім әлі шықпаған.

«Каспий теңізінің таяздану себептері мен салдарын зерттеу мақсатында 2024 жылы Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты құрылды. Алайда қазіргі кезге дейін Институттың қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ. Осыған байланысты, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қаржы министрлігіне 2025 жылға Каспий теңізі институтының жұмысын іске қосу үшін Үкімет резервінен 1,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуге өтініш жолдады. Аталған мәселе бойынша Үкіметтің шешімі күтілуде», – деді Ошурбаев.

Қандай халықаралық ұйымдардан қаражат бөлінеді?

Министрлік Каспийді құтқару үшін қаражатты халықаралық ұйымдардан іздестіре бастаған. Мәселен, Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстан елдері бірігіп, Жаһандық экологиялық қордың гранттық қаражаты есебінен Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасын жүзеге асыру жұмыстарын бастаған. Қор жобаға 12 млн доллар бөлуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы  арқылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде бөлек жобаны іске асырылады. Оған ұйымнан 8 млн доллар жұмсалады.

Сонымен қатар Каспий теңізінің жағалауын бейімдеу жобасын іске асыру үшін Адаптациялық қор қаражатын тарту мүмкіндігі пысықталып жатыр. Жобаға 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат кетеді.

Жалпы ғалымдар Каспий теңізі алдағы 70 жылда толықтай жойылып кетеді деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз