Каспий теңізіндегі аралда ресейлік профессор жоғалып кетті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Каспий теңізіндегі аралда орыс ғалымы Петр Бухарицинді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр / Фото: kursiv.media архив

Каспий теңізінің Қазақстанмен шекараласатын тұсында ресейлік профессор жоғалып кетті. Ресей басылымдарының хабарлауынша, Орыс географиялық қоғамы (РГС) Астрахань бөлімшесінің басшысы, география ғылымдарының докторы, профессор Петр Бухарицинді құтқарушылар әлі де іздестіріп жатыр.

Оқиға 19 сәуір күні болған. Бір топ ғалым Каспий теңізіндегі адам қоныстанбаған Укатный құмды аралын зерттеуге барған. Аралға келген ғалымдар екіге бөлініп кеткен. Ал кейін әріптестері Петр Бухарицинді таба алмай, құзырлы органдарға хабарлаған.

Ғалым әлі табылмаған. Оны іздеу жұмыстарына Каспий флотилиясы мен шекарашылар, бір кеме және екі қайық жұмылдырылған. Ал 23 сәуірден бастап ғалымды іздестіру жұмыстарына LizaAlert құтқару тобының еріктілерін тарту жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз