2025 жылы наурызда Қазақстандағы тұтынушылық сенім ішінара қалпына келді

Freedom Finance Global талдаушысы

Freedom Finance Global компаниясы жиырма тоғызыншы ай қатарын Қазақстан тұрғындарының тұтынушылық сенімді, инфляциялық және девальвациялық болжамын зерделеп келеді. 2025 жылғы наурызда оң серпін көрсетті, ал тұтынушылардың сенімділік индексі (ССІ) 93-тармақтан 95,3-тармаққа дейін өсіп, осы уақытқа дейін жүргізілген бүкіл зерттеу кезеңінде болған ең төмен мәннен сәл қалпына келді. Жалпы алғанда, теріс жауаптар оң жауаптарға қарағанда әлі де басым тұр. Ірі сауда үшін қолайлы жағдай толық қалпына келді. Сонымен бірге, экономикалық жағдайдың болжамы бойынша оң көзқарас төмендей берді. Қазақстандықтардың жауаптарында құрылымдық өзгерістер болса да, инфляциялық бағалау төрт ай қатарынан үздіксіз өскеннен төмендеді: адамдардың көбі кейбір көрсетілетін қызметтер мен азық-түлік емес тауарлардың бағаларының қатты өскенін байқады. Екінші жағынан, инфляциялық болжам сәл өсті, ал девальвациялық болжам жаңа рекордқа жетті.

Талдаушылар Қазақстанда ай сайын 3 600 сауалнама жинап отырады, бұл жағдай әр түрлі параметрлерді бағалау үшін жеткілікті түрде іріктеме жасайды. Зерттеулер әлемнің көптеген елінде тұтынушылардың сенім индекстерін алу үшін қолданылатын және United Research Technologies Group компаниясы жергілікті міндеттерге бейімдеген әдіснамаға негізделеді. Деректерді жинау әдісі – телефон арқылы сауалнама жүргізу. Сауалнама сұрақтары ыңғайлы – зерттеу респонденттердің ана тілінде жүргізіледі.

Ірі сауда жасау үшін жағдайлар қалпына келтірілді

Ірі сауда жасау үшін қолайлы жағдайды бағалаудың қосалқы индексі ақпан айындағы индекспен салыстырғанда 7,2 тармаққа өсіп, 73,2 тармаққа жетті. Көрсетіш екінші ай қатарынан қалпына келуде. Осы жолы қосалқы индекс қаңтар айында болған құлдыраудан кейін бірден толық қалпына келтірілді. 2024 жылғы желтоқсанда ол 74 тармақты құрады, ал жалпы былтыр орташа бір айлықтық мән 71,7 тармаққа жетті. Ірі сауда жасау үшін қазіргі жағдайларды қолайлы деп санайтын қазақстандықтардың үлесі 25,9%-дан 27,6%-ға дейін өсті. Бұл ретте қосалқы индекстің өсуінің көп бөлігі пессимистер үлесінің 63,3%-дан 59,6%-ға дейін неғұрлым айқын құлдырауын көрсетті.

Жас тобы арасында пессимизнің төмендеуі барлық жерде кездеседі. 29 жасқа дейінгі жастар неғұрлым елеулі оң серпін көрсетті, олардың арасында теріс жауаптардың үлесі 57,5%-дан 52%-ға дейін төмендеді. Бұл барлық жас тобының арасында айдың ең жақсы көрсеткіші болды. 60 жастан асқан адамдар да жақсы нәтиже көрсетті. Осы жас тобының ұқсас көрсеткіші 68,3%-дан 63,4%-ға дейін төмендеді. Мұндай жақсы көрсеткішке қарамастан, аға буын өкілдері аутсайдер мәртебесінен арыла алмады, себебі басқа екі жас тобында пессимистердің үлесі 1,5-3 пайыздық тармаққа төмен болып отыр.

Өңірлер бойынша, 14 облыста ғана жақсы нәтиже байқалады, оның үстіне олардың кейбірінде пессимистер үлесінің бір айлық өсуі айтарлықтай болып шықты. Мысалы, теріс жауаптардың үлесі Ұлытау (10,6-пайыздық тармақтан астам), Абай (8 пайыздық тармақтан астам) және Шығыс Қазақстан (7,6 пайыздық тармақтан астам) облыстарында айтарлықтай өсті. Нәтижесінде пессимистердің үлесі жағынан алғашқы орынға 69% нәтижемен Абай облысы жайғасты. Екінші жағынан, Қызылорда және Қостанай облыстарында теріс жауаптардың үлесінің құлдырауы 16-17 пайыздық тармақты құрады. Сондай-ақ Атырау, Алматы, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы тұрғындардың көңіл-күйлерінің айтарлықтай жақсы екені байқалады, онда бір айлық серпін 7-12 пайыздық тармақтан төмен нәтижені көрсетті. Нәтижесінде наурыз айында Қостанай облысы жақсы нәтиже көрсетті, онда ірі сауда жасау үшін қазіргі жағдайларды қолайсыз деп көрсеткен адамдардың үлесі бар болғаны 50,4%-ды құрады. Бұл өңірде оң жауаптардың үлесі 39,6%-ға жетті, бұл жағдай орташа республикалық мәндерден айтарлықтай жоғары болып отыр.

Жеке материалдық жағдайды бағалаудың ішінара қалпына келтірілуі

Соңғы 12 айда жеке материалдық жағдайда болған өзгерістердің қосалқы индексі де айтарлықтай қалпына келді, осы уақытқа дейін жүргізілген барлық зерттеу кезінде ақпан айындағы болған ең төмен деңгейден кейін 5 тармаққа өсті. Өздерінің жеке материалдық жағдайын биылғы жылы жақсарды деп санағандардың үлесі ақпан айындағы 28%-дан наурыз айындағы 30,1%-ға дейін өсті.

Жас бойынша, оптимизмнің бір айлық өсуі 60 жастан асқан адамдардан басқа барлық топта тіркеледі. Олардың арасында бір айда материалдық жағдайының жақсарғанын байқағандардың үлесі 20,7%-дан 19,6%-ға дейін түсті. Бұл жағдай барлық жас тобының арасында наурыз айындағы ең нашар мән болды. Екінші жағынан, 30-44 жастағы респонденттердің арасында мұндай көрсеткіш 28,4%-дан 31,9%-ға дейін өсті, бұл жағдай үздік бір айлық серпін болып саналады. Дегенмен, оптимистердің ең көбі 29 жасқа дейінгі жастар арасында айтарлықтай нәтижемен байқалады. Онда дәл осы үлес 3,1 пайыздық тармаққа өсіп, 45,4%-ға жетті.

Өңірлер бойынша көрсеткіштердің бір айдағы жақсы нәтижесі 20 облыстың 12-інде байқалады. Бір айдағы жақсы серпінді Қызылорда облысы көрсетті. Олардың арасында жеке материалдық жағдайының жақсарғанын көрсеткен респонденттердің үлесі 14,2%-дан 34,7%-ға дейін өсті. Сондай-ақ наурыз айында Шымкент қаласында және Атырау облысында ұқсас көрсеткіш 11-14 пайыздық тармаққа өсті. Нәтижесінде 40,2%-ды құрайтын осындай үлес деңгейімен Атырау облысының тұрғындары жақсы жауап берді. Шымкент қаласы тұрғындарының көрсеткіштері батыс өңірінің азаматтарына қарағанда небәрі 0,4 пайыздық тармақпен көзге түсті. Оң жауаптардың үлесінің ең нашар көрсеткіші Ақтөбе облысында 34,9%-дан 25,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарындағы осындай үлес 7-8 пайыздық тармаққа айтарлықтай төмендеді. Нәтижесінде ең нашар жауаптар Ұлытау облысында болды, бұл көрсеткіш 22%-ды құрады. 

Халықтың экономикаға қатысты болжамы одан әрі нашарлауда

Алдағы 12 ай деңгейіндегі экономикалық жағдайдың өзгеруін болжаудың қосалқы индексі 3,6 тармаққа төмендеп, 2023 жылғы маусымнан бері әлі күнге дейін ең төмен болып қалуда. Бұл көрсеткіш үшінші ай қатарынан төмендеп жатыр. Экономикалық жағдай жақсарады деп санайтындардың үлесі ақпан айындағы 40%-дан наурыз айындағы 37%-ға дейін төмендеді.

Жас бойынша оптимизмнің бір бір айлық құлдырауы 29 жасқа толмаған адамдарды қоспағанда, барлық жерде болады. Ең елеулі нашар көрсеткіш сауалнамаға қатысқан 60 жастан асқан адамдардың арасында тіркеледі, онда оң көзқарастағы респонденттердің үлесі 41,6-дан 36,4%-ға дейін төмендеді. Дегенмен, барлық жас тобы арасында ең нашар көрсеткіш еліміздің 45-59 жастағы тұрғындарының арасында байқалады, онда бұл үлес тек 31,3%-ға жетті. Сондай-ақ, 30-44 жас аралығындағы респонденттер арасында экономикалық жағдайды жақсарады деп күтіп жүргендердің үлесі 5 пайыздық көрсеткіштен сәл төмендеді. 29 жасқа дейінгі жастар 45,7% көрсеткішпен көшбасшы болып қалуда, бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 0,6 пайыздық тармаққа жоғары. 

Өңірлік жоспарда экономикалық жағдайдың өзгеруінің болжамдары бойынша оптимизмнің төмендеуі 20 облыстың 14-інде байқалады. Ең үлкен «тосынсый» Ұлытау облысында байқалады, онда оң жауаптардың үлесі 60,7%-дан 32,7%-ға дейін күрт төмендеді. Маңғыстау (-13,4 пайыздық тармақ), Қарағанды (-10,7 пайыздық тармақ), Атырау (-9,2 пайыздық тармақ) облыстарындағы және Алматы қаласындағы (-9,2 пайыздық тармақ) үлестің ұқсас көрсеткіші 9 пайыздық тармақтан астам төмендеді. Екінші жағынан, алдағы жылда экономиканың жақсаруын болжау мәселесінде позитивтің күрт өсуі Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. Бұл өңірлердегі оң жауаптардың үлесі сәйкесінше 16,1 пайыздық тармаққа; 9,5 пайыздық тармаққа және 7,9 пайыздық тармаққа өсті. Соған қарамастан Жетісу облысы (49,4%) айдың көшбасшысы атанды. Әрине, бірден үш өңірден (Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары) қашықтық аса үлкен болған жоқ.

Халықтың инфляциялық бағалары айтарлықтай төмендеді

Наурыз айында Қазақстан тұрғындарының инфляциялық бағалары төрт ай қатарынан үздіксіз өскеннен кейін төмендеді. Толық жақсарту болмаса да, 2024 жылдың соңындағы деңгейге қол жеткізілмесе де, биылғы жылы көрсеткіштер үздік болды. Өткен айдың деңгейінде сауалнамаға қатысқандардың 50,6%-ы (ақпан айында 55,1%-ды құрады) бағалардың қатты өскенін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы орташа бір айлық көрсеткіштен әлі де айтарлықтай жоғары, ол 41,4%-ды құрайды. Алдыңғы 12 айда бағалардың тез өскенін байқаған адамдардың үлесі де ақпан айындағы 58,1%-дан соңғы деректер жинау кезіндегі 53,3%-ға дейін айтарлықтай төмендеді , бұл былтырғы жылдың орташа мәндеріне және 2024 жылдың соңындағы көрсеткішке жақын.

Ал бірақ қазақстандықтардың инфляциялық болжамы жалпы алғанда инфляциялық бағалауға қарағанда аз өсті. Бір айдың деңгейінде бағалардың қатты өсуін күтіп жүрген адамдардың үлесі 24,5%-дан 27,9%-ға дейін өсті, ал келесі 12 айдың деңгейінде бағалардың жылдам өсуін күтіп жүргендердің үлесі ақпан айының бұрынғы деңгейінде, яғни 25,5%-да қалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инфляциялық бағалаулар мен күтулер бойынша осыған ұқсас зерттеуі наурыз айында оптимизмнің, әсіресе күтулердің бір бөлігі бойынша айтарлықтай өскенін көрсетеді. Ұсынылған деректерге сәйкес, бір жыл ішінде бағалардың қатты өсуін күтіп жүргендердің үлесі 29%-дан 26,1%-ға дейін төмендеді. Ал бір айдың деңгейінде ұқсас көрсеткіш 29,2%-дан 22,5%-ға дейін күрт төмендеді. Жалпы алғанда, екі уақыт деңгейінде де төртінші ай қатарынан негізгі көрсеткіштің тербелісі орын алуда: көрсеткіш өскеннен кейін төмендеуі байқалуда және бұл процесс қайталанады. Инфляциялық бағалаулар жалпы алғанда төмендеді, алайда біздің зерттеу жұмысымыз көрсеткендей, оның екі уақыт деңгейіне қатысы жоқ. Егер бағалардың қатты өскенін бекіту бойынша соңғы айда респонденттердің үлесі 46,1%-дан 44,7%-ға дейін төмендесе, онда алдыңғы 12 айдағы бағалардың жылдам өсуін көрсететін үлесі 53,1%-дан 54,2%-ға дейін ұлғайды.

Жекелеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың қатты өсуіне байланысты алаңдаушылыққа қатысты жауаптар құрылымын өзгерту үрдісі жалғасуда. Егер бұрын қазақстандықтардың пікірі бойынша қатты қымбаттаған тауарлар мен қызметтердің үздік 4-ігінде тек азық-түлік болса, енді бұл жағдай екінші ай қатарынан қымбаттап жатқан жоқ. Ақпан айында ТКШ қызметтері үзідк 4-кке кірді, ал наурыз айында оларға интернет пен ұялы байланыс қосылды. Респонденттердің 44,7%-ы байланыс бағасының қатты өсуін байқады, бұл ақпан (32,8%) мен қаңтар айындағы (11,4%) көрсеткіштерден айтарлықтай төмен. Сондай-ақ ТКШ қызметтері бойынша алаңдаушылық одан әрі өсуде. Осын санаттағы тарифтердің айтарлықтай өскенін респонденттердің 42,3%-ы байқады (ақпан айында 35,7%-ды құрады). Дегенмен, бірінші орында – «Ет, құс» санаты. Бұл тауарды сауалнамаға қатысқан халықтың 57%-ы таңдады, ал ақпан айында оның көрсеткіші 54,3%-ды құраған еді, бұл жағдай бүкіл зерттеу уақытындағы рекордтық жаңарту болып саналады. Сонымен бірге, халықтың көкөністер мен жемістердің бағаларының көтерілуіне қатысты алаңдаушылығы жалғасуда. Аталған санаттағы тауарлар бойынша бағалардың қатты өскенін байқаған адамдардың үлесі 51,3%-ды құрады, бұл қаңтар айындағы рекордтық көрсеткіштен 1,5 пайыздық тармаққа ғана төмен. Сондай-ақ, алтыншы орынға жайғасқан «Медикаменттер мен дәрі-дәрмектер» санатындағы азық-түлік емес тауарларды атап өтеміз. Сауалнамаға қатысқандардың 34,7%-ы осы санатты таңдаса, ал 30,1%-ы «Медициналық көрсетілетін қызметтерді» көрсетті. Бір айдағы екі көрсеткіш 10 пайыздық тармақтан астам ұлғайды.

Ресми статистикаға сәйкес, жалпы байланыс қызметтерінің бағасы ақпан айымен салыстырғанда наурыз айында өскен жоқ. Алайда, жылдық өсім 13,9%-ды құрады, ал нақты ұялы байланыс қызметтері үшін ж/ж 19,5%-ды құрайды. ТКШ қызметтерінің бағасы одан әрі өсуде және наурыз айында орта есеппен а/а 1,4%-ға ұлғайды. Әсіресе суық су ерекшеленді, оның бағасы бір айда 15,2%-ға өсті. Дәрі-дәрмектер орта есеппен а/а 0,7%-ға ғана қымбаттады, бірақ амбулаториялық қызметтердің бағасы а/а 1,8%-ға едәуір өсті. Көкөністер мен жемістердің бағасы наурыз айында орта есеппен а/а 3,1%-ға өсті және бұл қарқын үшінші ай қатарынан сақталуда. Банан, қызанақ және қызылшаны бағалары айтарлықтай қымбаттады. Сондай-ақ, екінші ай қатарынан ет пен құс бағасы бір айда 2,2%-ға одан әрі айтарлықтай өсуде. Жыл басынан бері олардың құны 5,6%-ға жоғары болды. Көбіне қызыл еттің бағасы өсті. 

Девальвациялық болжам жаңа рекордқа жетті

Қазақстандықтардың девальвациялық болжамы наурыз айында айтарлықтай нашарлап, осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеудің барлық уақытында жаңа рекордқа қол жеткізді. Наурыз айында доллар бағамы толық емес 1%-ға өсті. Бірақ сауалнама сәуір айында, яғни бірінші аптада бағам жоғары көтеріліп үлгерген кезде жүргізіліп қойғанын ескерсек, мұндай серпінді көру таңқаларлық емес. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бір жыл деңгейінде теңгенің әлсіреуін күтіп жүрген қазақстандықтардың үлесі 59,4%-дан 65,1%-ға дейін өсті. Ал айдың деңгейінде ол 40,4%-дан 47,8%-ға дейін айтарлықтай өсті.

Қорытынды

2025 жылғы наурыз қазақстандықтардың тұтынушылық сенімге қатысты қатарынан екі ай төмендегеннен кейін қалпына келтірілді. Дегенмен, индекс 100 тармақтан төмен болып қалуда, бұл теріс жауаптардың оң жауаптарға қараағанда басым екенін көрсетеді. Бұл жолы оң сәттерден бастап біз ірі сауда жасау үшін қазіргі жағдайлардың қолайлылығын бағалаудың толық қалпына келгенін атап өтеміз. Бұл бағалардың деңгейі былтырғы жылдың орташа мәніне оралды. Сондай-ақ, ақпан айында жеке материалдық жағдайдағы өзгерістердің рекордтық төмен деңгейінен кейін ол осы айда ішінара қалпына келтірілді. Дегенмен, үшінші рет қатарынан халықтың экономикалық жағдайдың өзгеруіне қатысты болжамдарының нашарлағаны тіркелді, олар соңғы 20 айдағы ең төменгі деңгейде қалуда. Жалпы алғанда, қазақстандықтар өздерінің жеке материалдық жағдайына қарағанда экономикалық жағдайдың болашағы мен бағалауына әлі де қатты алаңдайды. Өткен жылмен салыстырғанда дәл осы факторлар тұтынушылық сенімділікке қысым жасайды және олар инфляция мен доллар бағамы бойынша күту мәселелерінде де көрінеді.

Наурыз айында инфляциялық бағалау мен күту серпіні неғұрлым оң болды, себебі инфляциялық бағалау қатарынан төрт ай өскеннен кейін алғаш рет төмендеді. Дегенмен, соңғы екі айда тұрғындар бағаның қатты өсуін байқаған жекелеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жауаптардың күрт құрылымдық өзгерісін атап өтеміз. Барлық уақытта алғаш рет үздік 4-ке көрсетілетін қызметтің бірден екі түрі кіретін, дегенмен бұған дейін бұл орындарда қашанда азық-түлік болатын. Яғни, қазақстандықтардың көбі қазір елдегі инфляцияның басты драйвері болып табылатын ақылы көрсетілетін қызметтер бағасының қатты өскенін байқай бастады. Сонымен қатар инфляциялық болжам наурыз айында айтарлықтай өсті. Бұған теңге бойынша девальвациялық болжамның күрт артуы да ықпал етуі мүмкін. Зерттеу барысында адамдардың көбі ешқашан да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деңгейде доллар бағамының өскенін күткен емес. 

Нәтижесінде Қазақстан халқының тұтынушылық сенімін зерттеудің жиырма тоғызыншы толқыны 2025 жылы алғаш рет оң нәтиже көрсетті. Алайда, индекстің барлық компоненті өсу нәтижесін көрсетпейді, ал олардың біреуі тіпті соңғы ең төмен деңгейді жаңартты. Әрине, бір компонент толық қалпына келтірілді, ал қалған екеуі ішінара қалпына келтірілді. Дегенмен, қазақстандықтар қаңтар-ақпан айларында болғандай, елдегі экономикалық жағдайға қатты алаңдайды. Инфляцияны одан әрі жеделдеуде, сондай-ақ инфляциялық болжамның аздап өсуі тұрғындардың тұтынушылық сенімділігін одан әрі қалпына келтіру үшін аз себеп береді. Сонымен қатар, девальвациялық болжам рекордтық жоғары мәнге ие болды. Бұл мұнайдың құлаған бағасы түріндегі сыртқы аяның одан әрі ықтимал қысымымен бірге тұрғындардың экономикалық мәселелеріне қатысты пікіріне теріс әсер етуі мүмкін.