Каспий теңізінде жоғалып кеткен ресейлік ғалым бес күннен кейін табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Каспий теңізі
Фото: ашық дереккөзден

Каспий теңізінде жоғалып кеткен Ресей география қоғамының Астрахань облысындағы бөлімшесінің жетекшісі, профессор Петр Бухарицын аман табылды. Бұл туралы қоғамның аймақтық бөлімшесіне сілтеме жасаған ресейлік басылымдар хабарлады.

Мәліметтерге сүйенсек, Бухарицын өзін жақсы сезінеді.

«Ғалымға су берілді, жағдайы қалыпты. Тіпті медициналық көмек пен тікұшақпен эвакуациядан бас тартқан. Енді кеме арқылы Астрахань қаласына жеткізу жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша, экспедиция кезінде Бухарицын бағытынан адасып, жолдан жаңылған. Осы уақыт ішінде ғалым табиғаттағы ылғалды — яғни шықты ішіп, қамыспен тамақтанған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Ресей шекарасында белгілі ресейлік ғалым, доктор, профессор Петр Бухарицынның жоғалып кеткені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз