Былтыр машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 4,6 трлн теңгеге жеткен

Кейінгі бес жылда машина жасау саласының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 13%-дан 19%-ға дейін өскен. 2023 жылы өндіріс көлемі 4,6 трлн теңгеге жетіп, жаңа өнімдер түрлері шығарылып, экспорт көлемі айтарлықтай артты. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының XII форумында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Ел нарығына ауыл шаруашылығы техникаларын, автобустар, жеңіл және жүк көліктерін жасайтын жаңа компаниялар келген.
Форумда машина жасау саласының даму болашағы, жергілікті өндірісті қолдау, жасанды интеллектіні енгізу және кадрлар даярлау мәселелері кеңінен талқыланды.
Cонымен қатар, Hyundai және Қытайдың жетекші компаниялары Қазақстанда жергілікті өндірісті дамыту мен инвестиция салу жоспарын ұсынды.
2024 жылдың I тоқсаны бойынша саланың өндірістік өсімі 17%-дан асқан, Бұл қабылданған шаралардың тиімділігін және саланың жоғары әлеуетін көрсетеді.
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінде қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өсіп, 5,8%-ды құрады. Сол өсімнің негізі бөлігін көлік шығару саласы қамтамасыз еткен.