Экс-судья Светлана Жолманова ісінде айып тағылған екінші адам кім

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жоланова
Светлана Жолманова ісіндегі екінші сотталушы кім/фото: Жолманованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алматыда экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты сот процесі өтіп жатыр. Оған қатысты іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қозғалған.

Іс бойынша тағы бір сотталушы бар, ол – Данияр Кушалиев. Оған да аса ірі көлемде алаяқтық жасаған деген айып тағылып отыр деп хабарлайды KursivMedia. Сот кабинетінде сотталушыға қатысты өзге ақпарат көрсетілмеген.

Қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 аудандық сотында қаралып жатыр. Істі қарап жатқан судья – Қанат Әрінов. Бұған дейін судья депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты үкім шығарған. Соған сәйкес, Болат 1 жыл 5 ай 10 күн көлеміндегі өтелмеген жазасын бас бостандығынан айыру мекемесінде өтеуге жіберілді.

Светлана Жолманова ісі

Светлана Жолманова Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы қызметін атқарған кезде, «мүдделі тұлғалардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмектескен, алаяқтық әрекеттерді жасады» деген күдікке ілінді. 2021 жылы ҰҚК судьяның кабинетінде тінту жүргізіп, 10 мың доллар көлемінде ақша тауып алғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл оқиғадан кейін Жоғары сот оны бар мәртебесінен айырды. Ал мамырда Тоқаевтың жарлығымен Жолманова судьялық қызметінен босады.

2024 жылдың қазан айында Жолманованың алаяқтық фактісі бойынша қамауға алынғаны белгілі болды. Қамауға алынған соң, бір ай өткенде Жолманова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, өзіне қол салатынын мәлімдеді. Ал өліміне Алматы сотының төрағасы Асқар Смайлов кінәлі болатынын айтты. Экс-судья қарызы көп екенін, қамауда отырған кезде балалары мен анасының қиналып қалғанын, құзырлы органдардың мүлкін тәркілегенін айтқан.

2025 жылдың наурызында Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде Светлана Жолманова азаматтардың 1 млрд теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иеленген. Бұл қаражатқа мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесетіні айтып сендірген.

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеті әшкереленіп, алаяқтыққа қатысты 48 эпизод анықталған. Прокуратура мәліметінше бұл эпизодтардың барлығы бір іске біріктірілген.

Сондай-ақ оқыңыз