
Қатерлі ісіктің алдын алатын дәнек бар. Ол, әсіресе, адам ішектеріне шығатын қатерлі ісіктің пайда болуын төмендеткен.
АҚШ-тың Коннектикут университетінің ғалымдары жаңғақтың ісік дертіне қарсы өте күшті қасиеті бар екенін анықтап отыр.
Тәжірибе қалай жасалды?
Cancer Prevention Research (CPR) ақпаратына қарағанда, бұл өнімді тұрақты түрде жеген адамның ағзадағы қабыну процестерін басылып, ішек обырына шалдығу қаупін төмендетеді.
Бұл жайт клиникалық тәжірибе барысында анықталып отыр. Мамандар осы дерт басталып келе жатқан 39 науқасқа бақылау жасаған. Қатысушылар үш апта бойы арнайы бақыланатын диета аясында күн сайын грек жаңғағын жеген. Олардың қан құрамындағы қабыну маркерлері 15–25 пайызға дейін төмендеген. Бұл – айтарлықтай нәтиже. Әсіресе семіздікке шалдыққан адамдарға ерекше әсер еткен.
Жаңғақ қалай ем болады?
Зерттеудің басты жаңалығы – қорғаныштық әсер ету тетігінің табылуы. Қатерлі ісіктің алдын алатын дәнектің пайдасы ұшан-теңіз.
Мәселен, жаңғақ құрамындағы эллагитаниндер ішектегі бактериялардың әсерінен уролитин А атты күшті қабынуға қарсы қосылысқа айналады. Бұл зат тек қабынуды ғана төмендетпейді. Сонымен қатар, ісікке қарсы қасиеті бар YY пептидінің түзілуіне ықпал етеді.
«Барлық адамдарда жаңғақ бірдей қорытылмайды. Алайда күніне бір уыс жаңғақ жеу қажет. Сонда ішек саулығын қолдай аласыз. Бұл – қарапайым әрі қолжетімді әдіс», — дейді зерттеуді басқарған доктор Дэниел Розенберг.
Дәрінің орнын баса ала ма?
Зерттеушілер жаңғақ обырдың алдын алуда үміт күттіретін нәтиже көрсеткенін атап отыр. Десе де, бұл медициналық тексерулердің орнын алмастыра алмайды. Әсіресе, 45 жастан асқан адамдарға колоноскопиядан өту өте маңызды.
Айта кететін жайт, жаңғақ ағашы әлемде тек қана Орталық Азияда өскен. Грек жаһангері Ескендір Зұлқарнайын сарбаздары Еуропаға апарып, еккен көрінеді. Сондықтан, Еуропа халықтары оны «грек жаңғағы» деп атап кеткен.
Мұның алдында жасанды интеллекттің қатерлі ісік жасушаларын жоятын молекулалар жасап жатқаны туралы жаздық.