Қазақстанда жерлеу рәсімінің бағалары қымбаттап жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Жерлеу қызметінің құны бір жыл ішінде шамамен 5%-ға өсті / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстанда жерлеу қызметтері қымбаттады – кейбір өңірлерде баға бір жарым есеге жуық өскен. Өлім-жітім саны артқанымен, қазақстандықтар жерлеу рәсімдеріне жұмсалатын шығындарды қысқартып жатыр.

Finprom.kz ұсынған статистикалық мәліметке сүйенсек, 2024 жылы елде 133 мыңға жуық адам қайтыс болған – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7% -ға көп. Ең көп өлім-жітім Алматы (12,2 мың адам), Қарағанды (10,6 мың адам) және Түркістан облыстарында (10,1 мың адам) тіркелген.

Десе де, соңғы уақытта қазақстандықтар жерлеу қызметтеріне сирек жүгінетін болған.

«Мұндай қызметтердің көлемі екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. 2024 жылы ол 2022 жылмен салыстырғанда үш есеге жуық қысқарған. Адамдар қосымша шығындардан бас тартады немесе қолжетімді баламаларды іздейді», – дейді сарапшылар.

Бағаға тоқтау болмай тұр

Сұраныс азайғанымен, жерлеу қызметтерінің бағасы өсуін тоқтатпай келеді және үрдіс төрт жылдан бері жалғасуда. Бір жылдың ішінде баға шамамен 5%-ға өскен.

Жерлеу қай өңірлерде қымбат

Бағаның ең көп өскені мына өңірлерде тіркелді:

  • Батыс Қазақстан облысы – баға бір жарым есеге жуық өскен;
  • Жетісу облысы – +23,1%;
  • Ақтөбе облысы – +11,1%;
  • Қарағанды облысы – +6,7%;
  • Абай облысы – +6,1%;
  • Алматы облысы – +4,1%.

Жалпы алғанда, елдегі 20 өңірдің 11-інде қызмет құны өсті. Қалған өңірлерде баға өзгеріссіз қалды, бірақ төмендемеді.

Қала мен ауыл айырмашылығы

Ауылдық жерлерде адамдар аз қайтыс болады және жерлеу қызметтеріне сұраныс та төмен. Бұл саладағы жалпы шығындардың 6%-дан азы ғана ауылға тиесілі.

Жерлеу қызметінің қымбаттауына не себеп?

Қазақстанда ритуалдық қызметтердің қымбаттауына экономикалық себептердің әсері бар:

Материалдардық шығын

Ағаш табыттардан бастап, цемент пен матаға дейін, барлығы қымбаттап жатыр. Жеткізушілер де бағаны көтеріп, ал агенттіктер бұл өсімді өз қызметтерінің соңғы құнына қосады.

Инфляцияның өсуі

Елдегі жалпы инфляция жерлеу саласына да тікелей әсер етеді.

Тапсырыстардың азаюы

Қайтыс болғандардың саны артқанына қарамастан, көрсетілетін ритуалдық қызметтердің жалпы көлемі азаюда. Агенттіктер шығынның орнын бағаны көтеру арқылы толтыруға тырысады.

Ауылдық жерлердегі қиындықтар

Тапсырыс аз – баға жоғары. Ауылдарда қызмет көрсету көлемі ең аз болғанымен, олардың құны жоғары болады. Бұған логистика мен маман тапшылығы себеп.

Қызметкерлер мен көлік шығындарының артуы

Жұмысшылардың жалақысы, катафалк қызметі мен тасымалдауда өсім байқалады. Ал жерлеу ісі мұндай негізгі қызмет түрлерінен үнемдей алмайды.

Сондай-ақ оқыңыз