Қазақстандық гимнаст әлем кубогінің кезеңінде топ жарды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды деп хабарлады Olympic.kz.
Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарған.
Финалда Карими 14,133 ұпай жинаған. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) иеленген.
Айта кетейік, бұл Әлем кубогының соңғы кезеңі. Жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша бірінші орынға ие болған. 28 сәуірде ол қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Бұған дейін, Олимпиада жүлдегерлеріне сегіз айдан кейін мемлекеттік сыйақы төленгенін хабарлағанбыз. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жалпы саны 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы қаржылай марапатқа ие болған.