СҚО әкімі су басқан Заречный кентіне қайықпен барды

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Есіл өзенінің бойындағы су басқан Заречный кентіне қайықпен барды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта кенттегі жағдай тұрақты, су тұрғын үйлерге кірмеген.
«Оқиға орнында қалалық әкімдік, құтқарушылар мен полиция қызмет атқаруда, тәулік бойы кезекшілік бар, қорғаныс бөгеттері нығайтылған. Барлығы 200 адам жұмылдырылды»,- делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанына сендіреді. Өңір басшысы барлық қызметкерлердің жанқиярлық еңбегі үшін алғысын білдірген. Аралау барысында облыс әкімі Заречный тұрғындарымен кездескен.
«Мәселенің жүйелі сипатқа ие екенін түсіне отырып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданғаны белгілі. Қазір екі көпқабатты үйдің құрылысы басталды, бұл үйлерге Заречныйдан көшірілетін отбасылар қоныстанады. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүруде, және жыл соңына дейін адамдар жаңа жайлы баспанаға ие болады», – деген өңір басшысы.
Бұған дейін, СҚО-да су тасқынына байланысты бірнеше ауыл тұрғындары эвакуациялануы мүмкін екенін хабарланған.