Алматы облысында 2,4 трлн теңгеге 122 жоба жүзеге асырылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев Сұлтанғазиевті қабылдады
Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдадды / Фото: Ақорда: бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматы облысында құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

Өңірде қандай шаралар атқарылып жатыр?

«Құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады», – деді әкім.

Облыс әкімі өңірде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңгеге жеткенін ал,  ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 97,4 млрд теңгені құрағанын, ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқанынатап өткен.

Ал осы жылдың басынан бастап, 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған. Олардың арасында «GALANZ bottlers» өндіріс алаңын кеңейту, «Бартоғай ГЭС-28», Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскады құрылысы сынды ірі жобалар бар.

Білім ошақтарының құрылысы

Сұлтанғазиев сонымен бірге Қонаев және Алатау қалаларының даму барысына тоқталып өткен. Атап айтқанда, «Smart Qonaev» қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілгенін, Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталғанын айтқан.

Сондай-ақ өңірде  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 білім нысаны бойы көтеретінін және үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланғанын атап өткен.

Президент тапсырмасы

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге президент индустриалды аймақтар мен Аlatau арнай экономикалық аймақтың әлеуетін нығайтуды, коммуналдық және елдімекендердегі жолдардың құрылысын уақытылы іске асыруды тапсырған.

Сондай-ақ оқыңыз