Әуе билеттерін сататын Aviata сервисінің атауы Freedom Travel болып өзгертілді

Қазақстанда ұшақ билеттерін сататын Aviata.kz сервисі ауқымды ребрендинг жасап, атауын Freedom Travel деп өзгертті. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланды.
Компания платформаны айына 80 мың клиент қолданатынын, 2024 жылы билет сатылымынан түскен табыс 100 миллиард теңгеден асқанын атап өткен.
Freedom Holding Corp. негізін қалаушы әрі оның басшысы Тимур Турлов холдинг әр адам еркін өмір сүріп, еркін саяхаттайтын, еркін инвестиция құйып, еркін дами алатын цифрлық экожүйе қалыптастырып жатқанын атап өткен.
«Авиатаны сатып алғанымыз Freedom экожүйесіннің даму мақсатымен басқан маңызды қадамымыз болды. Ал Aviata-ны Freedom Travel деп өзгерткеніміз – осы жолдың келесі кезеңі. Бұл ребрендинг жай атау ауыстыру емес, саяхатқа шыққысы келген қазақстандықтарға еркіндік ұсынайық деген талпынысымыздың қадамы. Біз Freedom SuperApp-қа біріктірілген сервистеріміздің бәрін талай жылдық табысты тәжірибеміз бен клиент сеніміне сүйеніп дамытып жатырмыз. Енді біз клиенттерімізге экожүйеміздің аясында әр саяхатты жайлы әрі қауіпсіз де тиімді ететін ерекше мүмкіндіктер ұсынуға дайынбыз» – дейді ол.
Оның сөзінше, компанияның ендігі мақсаты әркім сапарын оңай жоспарлап, сол үшін кешбэкке ие болып, сапалы қызмет көре алатын платформаны ары қарай жетілдіру.
Ребрендингтен кейін Aviata сайты мен қолданбасының аты және дизайны автоматты түрде өзгерді. Ал клиенттердің бар дерегі сол сүйі сақталады, бұрын алынған билеттер жарай береді. Freedom Travel-дан брондалған билеттер мен турлардың ақысын кез келген банктің картасымен төлей беруге болады.
«Барлық қолданушы сервисіміздің игілігін көреді. Десе де, Freedom экожүйесінің клиенттері қосымша бонус ала алады, мысалы, Freedom инвестициялық валютасы түрінде берілетін кешбэк алуына болады» – делінген компания хабарламасында.
Freedom Travel CEO-сы Аюна Вальтер тұтынушыға қамқор болу компанияның басты құндылығы болып қала беретінін жеткізді.
«Еркіндік деген жай атау ғана емес. Еркіндік – қалауыңызға қарай сапар шегу мүмкіндігі. Біз сенім, еркін таңдау және оңай жоспарлау мүмкіндігі мол саяхат ұйымдастырамыз» деді ол.
Әуе билеттерін сататын компания алдағы бірнеше жылдың ішінде Қазақстанның онлайн брондау нарығындағы үлесін 3 есе арттырғысы келеді әрі Орталық Азиядағы цифрлық саяхат үздіктерінің бірі болуға ниетті.