30 сәуірде Алматыда сейсмикалық жаттығу кезінде дабыл қағылады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді / Коллаж: kursiv.media архиві

30 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласында сиреналар қосылады. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.

«Сейсмикалық жаттығу өтетін күні сағат 11:00-де қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады: сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып, шұғыл ақпарат беру, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу жоспарланған», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырып, бірнеше ескерту жариялады:

  • Сейсмикалық жаттығу басталғанға дейін дабыл шабаданын дайындаңыз,
  • қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа жолды анықтаңыз. Естеріңізге сала кетейік, қауіпсіз орын – бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң.
  • жер сілкінісінен кейін отбасыңыздың жиналу орнын алдын ала анықтаңыз;
  • жер асты дүмпуі кезінде әрекет ету үшін үйіңіздегі ең қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау қажет. Мұндай орындарға мыналар жатады: күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішкі қабырғалардан пайда болған бұрыштар;
  • жиһаздың жоғарғы сөрелерді ауыр заттардан босатыңыз. Тіпті құлайтын жиhазды бекітіп тастау қажет.

Еске салайық, жуырда Қазақстанның оңтүстігіндегі 30-дан аса елдімекенде 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің ошағы Тәжікстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз