Алматы облысының тұрғындары 1 млрд теңгесін заңсыз құрылысқа салып жіберген

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Үлескерлерден 1 млрд теңге жинап алған компания басшысы қамауға алынды / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысындағы «Торедо» құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеп бітірді. Компания 2021–2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжатты болмаса да, азаматтардан үлескерлік негізде заңсыз түрде 972 млн теңге жинаған.

Тергеу нәтижесі бойынша, «Торедо» басшылары Қаскелең қаласындағы «Home», «Home Южный», «Home Sau» және «Home Mak» тұрғын үй кешендеріне пәтер сату туралы жарнамаларды әлеуметтік желілерде белсенді түрде жүргізген.

Алайда компанияда құрылысқа қажет лицензиясы, жоба-сметалық құжаттамасы және міндетті түрде болуы тиіс «Бірегей тұрғын үй құрылысын қолдау операторының» кепілдігі болмаған.

Сондай-ақ агенттіктің мәліметінше, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және нысандар уақытында пайдалануға берілмеген. Соның салдарынан үлескерлер құқық қорғау органдарына жаппай шағымдана бастаған.

Қазіргі уақытта компания басшылары қамауға алынған. Сот олардың 240 млн теңге тұратын мүлкін бұғаттады. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, бітпеген үш қабатты ғимарат және бір жеке үй бар. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін депутат Нұргүл Тау үй құрылысына үлестік қатысу шарттарын өзгертуді ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз