Мұғалімдер білім саласында жасанды интеллекті қалай қолданып жүр

Алматыда өткен Teachers’ Summit аясында қазақстандық педагогтер жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын сабақ беру процесіне қалай тиімді енгізуге болатынын талқылады.
Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің (АГЭУ) базасында өткен «Мастер-ұстаз: цифрлы трансформация және жасанды интеллект» атты практикалық уоркшопқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер қатысты. Мұғалімдер ChatGPT, Perplexity, визуалды контент генераторлары және TikTok сияқты платформалардың оқыту процесін қалай өзгертіп жатқанын тәжірибе жүзінде зерттеді.
ЖИ – алмастырушы емес, көмекші
Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің ректоры Валерий Корвяков өз сөзінде:
«Бүгінде мұғалімдер бұрынғыдай оқушылар үшін жалғыз білім көзі болудан қалды. Бұл – жаңа шындық. Бірақ біз уақыт талабына бейімделіп, оқыту әдістерімізді өзгертуіміз керек».
2024 жылғы «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығының иегері Татьяна Белоусова да ЖИ-дің орнын нақты түсіндірді:
«Жасанды интеллект – мұғалімді алмастырушы емес, көмекші құрал. Ол балалардың сенімін, көңіл-күйін түсіне алмайды. Сондықтан біз оны білім беру үдерісін байыту үшін қолдануымыз керек».
Білімді дербестендіру мүмкіндігі Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығының финалисі Мирлан Джусамбаев білімнің дербестендірілуі туралы ойын айтты:
«Бүгінгі таңда Spotify мен Netflix біздің қалауымызды біліп тұрады. Сол сияқты білім беру де оқушының қажеттілігі мен қызығушылығына бейімделуі керек. Егер балалар TikTok-та уақыт өткізсе, онда білімді де сол кеңістікке жеткізу керек».
Практикалық тәжірибе:
ЖИ құралдарын пайдалану Уоркшоптың ең ерекше бөлігінде ұстаздар Андрей Комиссаровтың жетекшілігімен топтарға бөлініп, Perplexity.ai және Qwen LLM секілді ЖИ құралдарын пайдаланып, сабақ үлгілерін әзірледі. Олар ЖИ арқылы:
- Ақпаратты жылдам іздеу,
- Сабақ жоспарын жасау,
- Материалдарды визуализациялау жұмыстарын тәжірибеде қолданды.
STEM-білім беру сарапшысы Сергей Ловягин болса:
«ЖИ — бұл көшіруге арналған құрал емес. Ол білім беру процесін қызықты әрі тиімді етуге көмектесетін күшті серіктес», — деді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Testter.kz білім беру платформасы мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негізіндегі ЖИ-репетиторды таныстырған еді.