Өзбекстан үкіметі Гүлнар Кәрімовадан қайтарылған активтерді қайда жұмсады

Өзбекстан үкіметі Гүлнар Кәрімовадан қайтарылған активтерді денсаулық сақтау және білім беру салаларына жұмсалған. Бұл туралы KursivMedia-ның Өзбекстандағы басылымы жазды.
Басылымның мәліметінше, Гүлнар Кәрімовадан активтерді қайтару бағдарламасы аясында БҰҰ-ның «Uzbekistan Vision 2030» қоры Өзбекстанда заманауи медициналық жабдықтарды сатып алуға және білім беру инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлген.
Нәтижесінде «Алмалық» ауданаралық перинаталдық орталығына 23 түрлі медициналық құрал жабдықтар жеткізілген. Олардың арасында ИВЛ аппараттары, кардимониторлар, кардиотокографтар бар.
Қайтарылған активтер есебінен Өзбекстандағы 231 перзентхананы 5800-ден астам медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 31,5 млн доллар бөлінген.
Бірінші бөлінген 95 млн доллардың 67 млн доллары денсаулық сақтау мен білім беру салаларына жұмсалған. Мәселен, Ана мен бала денсаулығын қорғау бағдарламаларына 43,5 млн доллар бөлінсе, білім беру ұйымдарын жаңғыртуға 23,5 млн доллар көлемінде инвестиция салынған.
«Қазірдің өзінде 12 мың медицина қызметкері халықаралық стандарттар бойынша оқытылды, білім беру жобасы аясында 40 мың педагог, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі педагогтар цифрлық технологиялар саласында біліктілігін арттырды», – деп жазады басылым.
Айта кетейік, 2025 жылдың 24 сәуірінде Өзбекстанның Қаржы министрлігі Гүлнар Кәрімованың Швейцариядаға қаражаты ел қазынасына қайтарылғаны туралы хабарлады. Швейцария мен Өзбекстан тарапы 131 млн долларды қайтару туралы келісімге келген. Оның 95 млн доллары қайтқан. Ал Бельгияда Кәрімованың 108 млн доллар қаражаты бар. Өзбекстан билігі бұл қаражатты да қайтаруға күш салып жатыр.