«Ақтөбе» футбол клубында 250 млн теңге ұрланған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

«Ақтөбе» футбол клубында жалпы сомасы 250 миллион теңгеге жуық қаржылық заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, өңірлік прокуратура «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Бас прокуратураның тапсырмасымен «Ақтөбе» клубына тексеріс жүргізген.

Анықталған заңбұзушылықтар қатарында:

  • Футболшыларды трансферлеу кезінде күмәнді келісімшарттар жасалған;
  • Әуе тасымалдау қызметтеріне қатысты негізсіз төлемдер төленген;
  • Футболшылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб әкімшілігі тарапынан жеке қажеттіліктерге жұмсалған.

Тексеру нәтижесінде ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабымен:

  • 189-бап («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету»),
  • 190-бап («Алаяқтық»),
  • 361-бап («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану»)

бойынша үш бірдей сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі қозғалды.

Аталған қылмыстық істер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарауына жолданып, облыс прокурорының бақылауына алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Атырау» футбол клубының футболшылары 3 айдан бері айлық ала алмай отырғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз