Димаш Құдайбергеннің інісі Астанада шығармашылық кеш өткізеді
Жарияланды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астанада өтетін достары мен інісінің шығармашылық кешке қала тұрғындарын шақырды. Бұл қуанышты жаңалықты әнші Instagram парақшасында бөлісті.
Әншінің айтуынша, кеш 18 мамыр күні сағат 18:00-де басталады. Іс-шараға Димаштың туған інісі – музыкант Әбілмансұр Құдайберген, сондай-ақ домбыра өнерінің өкілдері Темірлан мен Ернат қатысады.
«Құрметті достар! Талантты достарымның шығармашылық кешіне шақырамын. Қапы қалмаңыздар!» – деп жазды Димаш.
Еске сала кетейік, Димаштың өзі болса 26 мамыр күні Алматыда жанкүйерлерімен фан-кездесу өткізеді.