Салық кодексі: 2026 жылмен бірге қымбатшылық келеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС көтеріледі / Фото: kursiv.media архив

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС-тің көтерілуіне байланысты Қазақстанда тауарлар қымбаттайды. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты.

«Біз макро талдау жасадық. ҚҚС туралы заңды 1 қаңтардан бастап енгізуді көздеп отырмыз. Демек, жалпы механизм сол кезден бастап өзгереді. Оның әсері де 1 қаңтардан бастап сезіле бастайды», – деді Әмрин.

Ал инфляция министрлік есебінше 2-3%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Министрлік өкілі сонымен бірге энергетикалық сусындардың акциз құны көтерілгенін сол себепті өнім құны қымбаттайтынын айтты.

«Біз энергетиктердің акциз құнын көтердік. Мақсатымыз мұндай сусындардың тұтыну көлемін азайтып, тәуекелдердің алдына алу», – деді вице-министр.

Айта кетейік, депутаттар ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға көтеруді көздейтін жаңа Салық кодексін қабылдады. Жаңа кодекске сәйкес, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі өзгереді. Қазіргі таңда табысы 78,6 млн теңгеден аспайтын кәсіпкерлер ҚҚС-тен босатылған. Ал ендігі жылдан бастап бұл шек 40 млн теңгеге дейін қысқарады.

Сондай-ақ оқыңыз