Рахат Әлиевтің анасы қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Рахат Әлиевтің анасы қайтыс болды/фото: imnurali

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің анасы Минавар Қадышқызы дүниеден өтті. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрәли Әлиев жазды.

«Менің сүйікті әжем Аника дүниеден өтті. Оның орны мен үшін ерекше болды, балалық шағым сол кісінің жанында өтті. Менің тәрбиемде ол кісі маңызды рөл атқарды», – деп жазды Әлиев.

Айтуынша, бір апта бұрын әжесінің қал-жағдайын біліп қайтқан.

«Бір апта бұрын екі күн әжемнің жанында болып қайттым. Бұл фото сол кезде түсірілді. Сол сәтте бұл екеуміздің соңғы кездесуіміз болуы мүмкін деген сезім болды», – деп жазды ол.

Айта кетейік, 1983 жылы Рахат Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваға үйленген. 1985 жылы ерлі-зайыптының тұңғыш ұлы Нұрәли Әлиев, 1990 жылы екінші ұлы Айсұлтан Назарбаев, 2000 жылы қызы Венера дүниеге келді. Рахат Әлиев 2015 жылы қайтыс болды.

Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы Лондонда қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз