2 мамырда Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауып, үсік өтеді

2 мамырда Қазақстанның кей өңірін бұлт торлап, жаңбыр жауады. Жұмаға арналған ауа райын «Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Астанада күн бұлтты. Түнде жел екпіні 5–10 м/с, күндіз 9–14 м/с-ге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6 °C, ал күндіз +17…+19 °C дейін жылиды.
Алматыда жаңбыр жауады. Жел күші 3–8 м/с, кейде 15 м/с-ге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14 °C, күндіз — +20…+22 °C.
Шымкент — көшпелі бұлт. Жел екпіні 5–10 м/с. Түнде +13…+15 °C, күндіз +26…+28 °C.
Ақтау қаласында да көшпелі бұлт шығады. Жел екпіні — 9–14 м/с, күндіз 17–22 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +12…+14 °C, күндіз +23…+25 °C.
Ақтөбе — көшпелі бұлт. Жел екпіні – 7–12 м/с. Түнде +2…+4 °C, күндіз — +19…+21 °C.
Атырау — көшпелі бұлт. Жел – 2–7 м/с, күндіз — 9–14 м/с, кейде 15–18 м/с дейін күшейеді. Түнде +10…+12 °C, күндіз +25…+27 °C дейін жылиды.
Жезқазғанда күн бұлтты. Жел – 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6 °C, күндіз +15…+17 °C болады деп болжанды.
Қарағанды — көшпелі бұлт. Жел – 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6 °C, күндіз +15…+17 °C, кейде +22…+24 °C дейін жылиды.
Көкшетау — бұлтты. Жел екпіні 7–12 м/с, күндіз 15 м/с дейін жетеді. Түнде +5…+7 °C, күндіз+17…+19 °C болады.
Қонаевта жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с, кейде 15–20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15 °C, күндіз +22…+24 °C дейін жылиды.
Қостанай — бұлтты. Жел – 7–12 м/с. Түнде +3…+5 °C, күндіз +18…+20 °C.
Қызылорда бұлтты болады. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9 °C, күндіз+25…+27 °C дейін жылиды.
Павлодар — бұлтты. Жел 9–14 м/с. Түнде +2…+4 °C, күндіз +19…+21 °C дейін төмендейді.
Петропавл — бұлтты. Жаңбыр жауады. Түнде жел 9–14 м/с, күндізо 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+7 °C, күндіз +13…+15 °C дейін жылиды.
Семей қаласында әлсіз жел — 3–8 м/с. Түнде 0…+2 °C дейін төмендеп, –3 °C дейін үсік өтеді. Күндіз +16…+18 °C дейін жылиды.
Талдықорғанда жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11 °C, күндіз +21…+23 °C дейін жылиды.
Тараз — бұлтты. Жел – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15 °C, күндіз +24…+26 °C дейін көтеріледі.
Түркістан — күн бұлтты. Жел екпіні – 8–13 м/с. Түнде +13…+15 °C, күндіз +27…+29 °C.
Орал қаласында жаңбыр жауады. Жел екпіні 9–14 м/с, кейде 18 м/с дейін күшейеді. Түнде +8…+10 °C, күндіз+18…+20 °C.
Өскеменде күн бұлтты. Жел – 2–7 м/с. Түнде 0…+2 °C, –3 °C дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз +16…+18 °C дейін жылиды.