Жазда 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь ашылады / фото: primeminister.kz

2025 жылдың жазғы маусымында елімізде 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь ашылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкіметтің мәліметінше 3,1 млн бала сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамту бағытындағы түрлі бағдарламалармен қамтылмақ. Аталған санның ішінде 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар. Оларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 10 мың бала тегін демалу мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, санитарлық талаптардың орындалуы, азық-түлік сапасы, су айдындарындағы, ормандағы және спорт нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қатаң бақыланбақ. Балаларға арналған арнайы жадынамалар, нұсқаулықтар мен гайдбуктар әзірленіп, кең көлемде таратылатын болады.

Биыл жазда:

  • 188 маусымдық лагерь,
  • 10 мыңнан астам мектеп жанындағы (тамақтанатын және тамақтанбайтын) лагерь,
  • 512 шатырлы және киіз үй лагерьлері кезең-кезеңімен ашылады.

Еске сала кетейік, биыл оқушылар үшін соңғы қоңырау 23-ші немесе 24 мамыр күні соғылады.

Сондай-ақ оқыңыз