Camry жаңарады: 2026 жылы қазақстандықтардың сүйікті маркасы қалай өзгереді

Жарияланды
Camry өзгеріп, Nightshade Edition нұсқасы шығарылады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Toyota Camry – автомобиль нарығында кеңінен танымал және көптен бері сенімділік, жайлылық символына айналған модель. 2026 жылы тоғызыншы буынның негізінде жаңа, спорттық және стильді нұсқасы – Nightshade Edition ммоделі таныстырылмақшы. Ол классикалық седан емес. Авто агрессивті дизайн элементтері мен жаңартуларды қамтиды.

Toyota Camry тарихы

1982 жылы алғаш рет нарыққа шыққан Toyota Camry көптеген елеулі өзгерістерге ұшырады. Әр жаңа буын әзірлегне сайын модель жаңа технологиялармен жабдықталып, сипаттамалары жақсарады.

Toyota Camry-дің бірінші буыны (XV10) 1991 жылы шыққан еді. Ол сенімділігі және  жайлылығымен көпшілік көңілінен шығып, жылдам танымал болды. Әр жаңа ұрпақ модельді одан әрі жетілдіріп, динамикасын арттырды. Екінші буын (XV20) бұдан да жайлырақ бол түсті. Ал үшінші буын (XV30) АҚШ нарығында танымал бола бастады және дәл сол кезеңде Camry «жапон сапасының» белгісіне айналды. Төртінші буын (XV40) жаранмай үнемдеу жағынан тиімді қозғалтқыштар ұсынды, ал бесінші буында (XV50) гибридті нұсқалар пайда болды, бұл аталған автоның модельдік қатарына айтарлықтай ерекшеліктер алып келді.

Алтыншы буын (XV60) 2017 жылы түбегейлі өзгерістерге ұшырады, ал жетінші буын (XV70) 2024 жылы нарыққа шықты. Осы сылы авто толықтай гибридті платформаларға көшті. Бұл өзгерістер тек Camry модельін жетілдіріп, жаңа нарық талаптарына сай етті.

Nightshade Edition – жаңа спорттық дизайн

2026 жылы Toyota Camry желісінде жаңа Nightshade Edition нұсқасы пайда болады. Бұл автода агрессивті, спорттық стиль ұсынылады. Оған қоса көліктің сыртқы көрінісі мен жабдықталуы жаңартылады. Бұл модельдің бірінші рет «антихромды» дизайны ұсынылып отыр. ол қазіргі автомобиль нарығындағы жаңа үрдіс болып есептеледі.

Nightshade Edition Camry-дің негізгі сипаттамаларын сақтай отырып, оған бірқатар жаңа спорттық элементтер қосылған. Бұл нұсқаның басты ерекшеліктері – қара түсті логотиптер мен декоративті элементтер, 19 дюймдік антрацит түсті дисктер, сондай-ақ батыл түстер гаммасы – ақ, қызыл және қара. Сыртынан қарағанда көліктің сыртқы дизайны жалпы модельдік қатардан бірден ерекшеленеді. Бірақ Camry-дің элегантты және заманауи дизайнын сақтайды. Бұл талапшыл тұтынушылардың назарын аударуға мүмкіндік береді.

Технологиялар мен интерьер 

Nightshade Edition ішкі жағынан әдеттегі Camry-ден өзгеше болмайды, бірақ спорттық бөлшектермен толықтырылған. Көлік ішінде контрастты ақ түсті сызықшалар бар арнайы орындықтар, былғары руль және алюминийден жасалған педаль жапқыштары бар. Бұл элементтер көлікке спорттық сипат береді, бірақ интерьер әлі де жайлы және функционалды болып қала береді.

Технологиялық тұрғыдан алғанда бұл нұсқа Camry-дің қымбат нұсқаларының артынан қалмайды. Стандартты жабдықта 7 дюймдік цифрлы аспаптар панелі мен 8 дюймдік сенсорлық экран бар, сондай-ақ мультимедиялық жүйенің қосымша опциялары ретінде екі 12,3 дюймдік экран ұсынылады. Toyota Safety Sense 3.0 қауіпсіздік жүйесі көлікке әдеттегідей орнатылған. Ол жүргізушіге көмек көрсетуге арналған соңғы технологиялармен жабдықталған. Мысалы, адаптивті круиз-бақылау, жолақтан шығып кетпеу қызметі және автоматты түрде шұғыл тежегіштері бар.

Техникалық сипаттамалар: қуат пен гибридті тиімділік

Toyota Camry Nightshade Edition көлігінің жүрегі – гибридті қозғалтқыш. Ол қуат пен экономияны үйлестіреді. Camry екі түрлі нұсқада ұсынылады: олар алдыңғы және толық жетек.

Сонымен қатар 2,5 литрлік атмосфералық жаранмай қозғалтқыш және электромотор орнатылады. Аталған қозғалтықштар бірге жұмыс істеп, көлікке тамаша динамика мен отын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Қуаты – алдыңғы жетекті модель үшін 228 ат күші, ал толық жетекті модель үшін 235 ат күші. Электронды басқарылатын вариатор (e-CVT) берілісқорабы жұмсақ жүрісті қамтамасыз етеді.

Бұл гибридті жүйе көлікті тек қуатты ғана емес, сонымен қатар үнемді әрі экологиялық таза модель етеді. Нәтижесінде седан қала ішіндегі жүруге және ұзақ жолдарға шығуға өте ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар, гибридті қозғалтқыш пен жетілдірілген трансмиссия жүйесі Camry-ге өз сегментіндегі ең үнемді және экологиялық таза көлік етеді.

Бағасы мен қолжетімділігі

Toyota Camry XV80 Nightshade Edition моделін 2025 жылдың жазында АҚШ-та сатылымға шығатын болады. Қазіргі уақытта ресми бағасы жарияланған жоқ. Бірақ бұл модельдің құны шамамен 36,000 доллар деңгейінде жоспарланған. Ол XSE нұсқасының бағасымен сәйкес келеді. Базалық Camry бағасы шамамен 30,000 доллар болмақ.

Toyota Camry XV80 Nightshade Edition – бұл классикалық седанның жаңа нұсқасы ғана емес, ол стиль, технологиялар және экологиялық тиімділіктің тамаша үйлесімі. Жаңа сыртқы түрі мен спорттық элементтері Camry-ді жас буынға тартымды етіп көрсетеді. Ол динамикалық, бірақ сонымен бірге сенімді және жайлы көлік іздейтіндер үшін тамаша таңдау.

Жаңартылған дизайны, технологиялары және гибридті қозғалтқышы бар Camry әлі де өз сегментінің үздік өкілдерінің бірі болып қала береді. 

Бұған дейін жапондық авто алпауытқа қатысты бірнеше жаңалықпен бөліскен едік. Олардың бірі Toyota-ның Daimler-мен жүк көлігі бөлімшелерінің бірігуі туралы болатын. Қос тарап келісімге келуге жақын деп хабарлаған, Nikkei Asia басылымы. Сонымен қатар Шанхайдағы халықаралық көрмеде жапондық компанияның жаңа бизнес-седанының жаһандық таныстырылымы болды.

Сондай-ақ оқыңыз