Үсік, бұршақ, тұман: «Қазгидромет» алдағы күндері ауа райы нашарлайтынын хабарлады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
19-20 қазан ауа райы
Алдағы күндері бірқатар өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алдағы бірнеше күнде ауа райы нашарлайды. Кей өңірде жоғары өрт қаупі сақталса, енді кейбір аймақта үсік жүреді. Бұл туралы «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап, Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өзендерде су деңгейі көтеріледі

Күннің жылынуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр. Бір тәулікте 22 см-ге көтеріліп жатқан өзеннің қауіпті деңгейі 1130 см құрайды. Ал қазіргі таңдағы көрсеткіш 1116 см. Қауіпті деңгейге жеткенде маңайда теміржолды су басуы мүмкін. Облыстағы Сергеев су қоймасының да жағдайы алаңдатарлық.

«Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сергеев су қоймасынан судың асып төгілуіне байланысты Долматово ауалының маңындағы Есіл өзіненіндегі гидрологиялық бекетте де су деңгейі көтерілген. Қазіргі таңда су деңгейі тәулік ішінде 31 см көтеріліп жатыр. ТЖМ мәліметінше су деңгейі – 1393 см жеткен. Қауіпті деңгей – 1430 см құрайды.

Шелек өзенінде су көтеріліп жатыр

Алматы облысында күннің жылынуы байланысты таулы жерлерде қар көшкіні қаупі артады. 3-6 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында жылымыққа және жауын-шашынға байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты таудың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды.

Сондай-ақ Алматы облысындағы Шелек өзенінде де су деңгейі көтеріліп жатыр.

«Бартоғай су қоймасынан су жіберілуіне байланысты Шелек өзені – Малыбай ауылы гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды. Су деңгейі – 158 см, қауіпті деңгей – 186 см. Алдағы уақытта  су тасталымы көбейетін болса, су деңгейі қауіпті деңгейден асып, өзеннің арнасынан тасуы немесе жағалаудағы аумақтарды су басу қаупі туындауы мүмкін», – деп хабарлайды министрлік.

Қалған өңірлерде ауа райы қалай құбылады?

Түркістан, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ал 3-6 мамыр аралығында өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Дәл осындай жағдай Солтүстік Қазақстан облысында да сақталады. Өңірде батыстан жел соғып, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында найзағай күтіліп, жел екпіні күшейеді.

«Қазгидромет» мәліметінше, мұндай ауа райы өңірлерде өрт қаупін арттырады. Дәл осындай жағдай Жетісу, Алматы, Ақмола, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Атырау, БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарында да найзағай ойнап, салдарынан жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ал түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Ал Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады.

Сондай-ақ оқыңыз