Маңғыстау облысында тұратын екі ардагерге Жеңіс күніне орай 5 млн теңгеден беріледі

Маңғыстау облысының әкімдігі Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек береді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, соғыс кезінде жаралану, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедек болған және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 100 адамға де көмек көрсметіледі. Ондай адамдарға 60 АЕК мөлшерінде, яғни 235 920 теңге біржолғы төлем беріледі.
Сонымен қатар өңірде ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 104 адам бар. Оларға 50 АЕК яғни, 196 600 теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек беріледі.
Ал 5 млн теңгені Ұлы Отан соғысының ардагрлері Ольга Заривняк пен Василий Салазкинге беріледі.
Айта кетсек, алматы қаласының әкімдігі де ардагерлерге Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлейді. Алматы қаласында бүгінгі күні 21 соғыс ардагері тұрады.