Caspi Bitum зауыты әлі де ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Caspi Bitum зауытының қуаты
Caspi Bitum зауытының қуаты ішкі нарықты толық қамти ала ма? / Фото: Ашық дереккөз; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Биыл жол салу жұмыстары артады. Жақында іске қосылған Caspi Bitum зауытының да қуаты биылғы ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Бұл туралы Үкімет сағатында айтылды.

«Битум бойынша біз ішкі нарықты толық қаматамасыз ете аламыз ба?» – деп сұрады премьер-министрі Олжас Бектенов.

ҚМГ төрағасы Асхат Хасенов мерзімінен бұрын аяқталған зауыттың қуаты артқанын және битумға сұраныс уақтылы түсіп отырса, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге болатынын айтты.

«Бізде қазіргі таңда 1,5 млн тонна битум өндіру мүмкіндігі бар. Ең бастысы қарадат және уақтылы тапысырс беру», – деді ҚМГ басшысы.

Сонымен бірге Хасенов Caspi Bitum зауытын 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін кеңейту жобасы белгіленген мерзімінен бір ай бұрын аяқталғанын атап өтті. Жоба аяқталғаннан кейін және Павлодар мұнай-химия зауытын қоса алғанда, ҚазМұнайГаздың жол битумын өндіру қуаты жылына 1,25 млн тоннаға дейін өскен.

«Осылайша, ҚазМұнайГаз ішкі нарықтың битум бойынша қажеттілігін қамтамасыз ете алады», – деді Хасенов.

Алайда Көлік минтстрі Марат Қарабаев отандық өнім министрлік сұранысын толық қамтамасыз ете алмайтынын айтты.

«Біз Энергетика министрлігімен және ҚМГ-мен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Тапсырыс уақтылы беріліп жатыр. Жұмыс үйлестірілген. Мердігер компаниялар қаржыны жа уақтылы бөліп жатыр. Дегенмен, бізде белгілі бір мөлшерде импорт қалады. Өйткені жол салу және жөндеу жұмсытарының ауқымы былтырғыдан да ұлғайып жатыр», – деді министр.

Айта кетейік, Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында алғашқы битум 25 сәуір күні өндіріле бастаған болатын. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қаараш айында басталған жобаны қытайлық CITIC Construction компаниясы жүзеге асырған болатын. Инвестордың жобаға 76 млн доллар қаражат салғаны айтылады.

Сондай-ақ оқыңыз