«ҚазМұнайГаз» былтырғы табысының үштен бір бөлігін дивиденд ретінде төлемек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ҚМГ қанша дививденд төлейді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2024 жыл үшін акционеріне 300 млрд теңге дивиденд төлеуі мүмкін. Компания директорлар кеңесі осындай ұсыныс тастаған. 300 млрд теңге – 2024 жылғы таза пайдасының үштен бір бөлігі. Алайда компания жоспарынан 50 млрд теңгеге кем. Бұған дейін ҚМГ 350 млрд теңге дивиден төлеуі мүмкін екенін хабарлаған.

«ҚазМұнайГаз» былтыр 1,09 трлн теңге таза пайда алды.

Соның 300 млрд теңге теңгесі дивиденд ретінде төленсе, 794 млрд теңгесін компания өз иелігінде қалдырмақ. 2024 жылға бір жай акцияға дивиденд мөлшері 491,71 теңгені құрайды.

Нақты шешім 29 мамырда акционерлер жиналысында қабылданады.

ҚМГ құрамына 31 компания кіреді. Ұлттық компанияның өзі «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорына (67,48%), Қаржы министрлігіне (20%) және Ұлттық банкке (9,58%) тиесілі. Бұған қоса оның акцияларының 2,94%-ы KASE қор биржасында сатылады.

Сондай-ақ оқыңыз