Тоқаев мереке қарсаңында кімдерді марапаттады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев бірқатар құзырлы орган қызметкерлерін марапаттады / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілер мен құтқарушыларға, үштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік наградамен марапттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, марапаттау кезінде жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер бойынша наградалар табысталған. Атап айтқанда, I дәрежелі «Барыс» ордені, І,ІІ дәрежелі «Барыс» ордені, I, ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, I, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, «Құрмет» ордені және «Ерлігі үшін» медалі мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат наградталды», – делінген баспасөз хабарламасында.

I дәрежелі «Барыс» орденімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, I дәрежелі «Даңқ» орденімен Парламент Сенатының депутаты Марат Қожаев, II дәрежелі «Даңқ» орденімен – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаев, Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Сәкен Жүсіпов, Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев марапатталды.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен мына адамдар марапатталды:

  • Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали;
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы Олжас Құсайынов;
  • Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Олег Цой.

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталғандар арасында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов бар.

Элимановпен бірге Ақылов Еркін Бекетұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы, Әмірхан Талғат Әмірханұлы – Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы, Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары, Молдабаев Қайрат Бекзатұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі басқарма бастығының орынбасары, Мұстафин Айбек Мамытбекұлы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Финансов Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы, Шабер Виталий Николаевич – Бас прокуратураның департамент бастығы марапатталды.

Сондай-ақ «Құрмет» орденімен екі адам, «Ерлігі үшін» медалімен 4 адам, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен 7 адам, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған.

Сондай-ақ оқыңыз