Қытай Шұбаркөлдегі көмір кеніштерін сатып алғысы келеді

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің тілшісі
Китай ведет переговоры по покупке доли в угледобытчиках Казахстана
Қытай Қазақстандағы көмір кеніштеріне қызығады / фото: Olivia Zhang, бильд-редактор: Дастан Шанай

China Energy Investment Corporation (CHN Energy) қытай компаниясы «Шұбаркөл Көмір» және «Шұбаркөл Премиум» көмір өндіруші компаниялар үлесін сатып алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Шұбаркөлдегі байлыққа қызығушылар көп.

Шұбаркөлдегі кен орындарына қызығады

Қытай компаниясы Шұбаркөл кен орындарында көмір өңдеп қана қоймай, аммиак пен карбамид шығарғысы келеді.

«(China Energy Investment Corporation. – Kursiv.Media) «Шұбаркөл Көмір» мен «Шұбаркөл Премиум» үлестерін сатып алып, әріптестік орнату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр», – деп жазылған өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың үкімет отырысындағы баяндамасы кезінде көрсетілген слайдта.

2025 жылғы наурызда China Energy Investment Corporation (CHN Energy) Қазақстанда өкілдігін ашқан.

«Саланың жаңа перспективті бағыты ретінде көмір-химиясы секторын дамыту пысықталып жатыр. Еліміздің ауқымды көмір қорларын ескере отырып, бұл  бағытта даму – шикізаттық модельден  бас тарту мен қосылған құнды арттырудың негізгі жолы.

Осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған Қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда China Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді өнеркәсіп министрі.

Атап айтқанда, CHN Energy аммиак пен карбамид өндірісі бойынша жобаларға кем дегенде 4 млрд доллар инвестиция құюға дайын. Әлемдегі ең ірі энергетика компанияларының біріне жататын China Energy көмір-химия саласын дамыту үшін Қазақстанда ыңғайлы кен орнын таңдады деген 2025 жылғы қаңтарда премьер-министр Олжас Бектенов.

China Energy Investment Corporation 97 көмір шахтасына ие. Оларда жылына 650 млн тонна көмір өндіріледі. Қытай компаниясы әлем нарығында алдыңғы қатарда орнадасқан. Оның активтері Қытай, Австралия, Индонезия, Грекия және Германияда орналасқан.

Аммик пен карбамид өндіреді

Бұған қоса, East China Engineering and Technology елдегі «Samal Commodities» компаниясымен бірге көмірден органикалық химия өнімдерін шығару жобасын пысықтап жатыр. Samal Commodities мен East China Engineering жылына 250 мың тонна өңдеуді, 200 мың тонна аммиак пен 300 мың тонна карбамид өндіруді көздеп отыр. Екі компания жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жөнінде келісім қабылдаған. Инвестиция көлемі – 300 млн доллар.

2024 жылғы қыркүйекте кәсіпкерлер Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимов «Шұбаркөл Преимум» акцияларының 50%-ын сатып алған. Оны Тимур Құлыбаев сатқан. Компания Шұбаркөл кен орнында көмір өндіруді 2010 жылы бастаған.

«Шұбаркөл Көмір» болса ERG активіне жатады. Eurasian Resources Group компаниясының 40% үлесі Қазақстан қаржы министрлігіне тиесілі. Бұған қоса Александр Машкевич мұрагерлері мен Әлижан Ибрагимов отбасының 20,7%-дан, Патох Шодиевтің 18,6% үлесі бар.

Олардың бәрі дерлік Forbes тізіміне енген бай кәсіпкерлер.

Сондай-ақ оқыңыз