Алматы әуежайында «бомба» туралы қалжыңдаған жасөспірім үшін рейстер кешіктірілді

Бірнеше күн бұрын Алматы халықаралық әуежайында досының сөмкесінде бомба бар деп қалжыңдаған жасөспірім үшін рейстер кешіктірілді. Бұл туралы ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайында бір жасөспірім досының рюкзагында жарылғыш зат бар екенін айтып, әзілдеген. Бірақ мұндай әзілдің өзі қауіпті саналады. Сол себепті ұшуға дайындалған әуе кемесі мен барлық жолаушыларды тексеру жоспары басталып кеткен.
«Мұндай мәлімдемелер, тіпті әзіл-қалжыңмен айтылған болса да, қауіпсіздікке әлеуетті қатер ретінде қабылданады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тергеу жүргізуге және кейбір жағдайларда қудалауға әкеп соғады», – деп түсіндірпеді баспасөз қызметі.
Осы орайда орталық азаматтарды тексеру аймағында және әуе кемесінің бортында қауіп-қатерге, қару-жараққа, жарылғыш құрылғыларға және басқа да ықтимал қауіпті тақырыптарға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін қолдану мәселесміне келгенде үлкен жауапкершілікпен қарау қажет екенін ескертеді.
«Мұндай «әзілдер» орынсыз және ауыр заңды зардаптарға әкелуі мүмкін», – делінген баспасөз хабарламасында.