Тоқаев Ақордада Вьетнам басшысы То Ламды қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды.
Алдымен екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін, екі мемлекет басшысы келіссөз залына өтті.

Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.

Ал 7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.
Айта кетейік, 5 мамырда Вьетнам басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды елорда әуежайында қарсы алды. Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан мен Вьетнам басшылары елорда әуежайында аз-кем әңгімелескен.