Шерзат ісіндегі сотталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайды ауыстыруды сұрады/фото:kursiv.media

2025 жылдың 6 мамырында Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасы бойынша сотқа тартылған 9 азаматтан жауап алу басталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сотталушы Дархан Әскентайдан жауап алу барысында қорғау тарапының адвокаттары мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға қарсылық білдіріп, прокурорды ауыстыруды сұрады.

Адвокаттардың бірі прокурордың эмоцияға беріліп жатқанын айтып, өтінішхатты қолдады.

Дархан Әскендейдың әпкесі прокурордан мысқылдап сөйлемеуді сұрады.

«Прокурорға қарсылық білдіруге негіздер қылмыстық процестік кодекстің 87 және 88-бабында көрсетілген. Қорғау тарапы айтқанының ешқайсысы ол жерде көрсетілген негізге сәйкес келмейді. Сол себепті өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуыңызды сұраймыз», – деді прокурор Сәрсенбай.

Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

P.S. Істі қарап жатқан судья Ержан Жанұзақов қорғау тарапының өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, прокурор Дана Сәрсенбай ауыспайтын болды.

Шерзат Полат ісі

Қылмыстық істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Дана Сәрсенбай мен Ержан Құрақбаев.

Сотталушылар қатарында 9 адам бар. Олар Абзал Шынасыл, Равиль Сакиев, Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Нұрқияс Ілиясов, Дидар Қалиахмет, Думан Ысқақ. 

Бұған дейін ішінде 4 адамның бұрын сотты болғаны айтылды. Сондай-ақ олар өздеріне тағылған айыпты мойындамады.

2025 жылдың 18 сәуірінде жәбірленушілерден жауап алынды. Бірінші болып Шерзат Полаттың әжесі сотта жауап берді. Одан кейін марқұмның анасы Гүлбара Бишембиевадан жауап алынды. Жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов жанжалдың неден басталғанын айтып берді.   

Сондай-ақ 2025 жылдың 28 сәуірінде Шерзат Полат қайтыс болған күні сотталушылармен бірге жүрген екі әйел Эльмира Нұрбекова және Дана Жақсыгелдіден жауап алынды

Сондай-ақ оқыңыз