Пәкістан азаматтық авиация үшін әуе кеңістігін ашты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Пәкістан әуе кеңістігін
Пәкістан азаматтық авиция үшін әуе кеңістігін ашты / Фото: kursiv.media

Пәкістан азаматтық авиация үшін әуе кеңістігін ашқанын хабарлады. Бұл туралы елдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Samaa.tv басылымының хабарлауынша, Пәкістанның әуежайлар басқармасы (PAA) елдегі барлық әуежай толықтай жұмыс істейтінін және елдің әуе кеңістігі азаматтық авиация қызметі үшін қауіпсіз екенін мәлімдеген.

Басқарманың мәліметінше елдің әуежайлары ішкі рейстер мен халықаралық рейстерді қабылдап жатыр және әуе тасымалына ештеңе кедергі келтірмейді. Бұл мәліметті халықаралық Сиалкот әуежайы да растаған.

«Сиалкот әуе қатынасы қалпына келтірілді және барлық халықаралық рейстер кесте бойынша орындалады», – деп хабарлаған әуежай әкімшілігі.

Десе де, жолаушыларға саяхатқа шықпас бұрын әуе компаниясына хабарласып, рейстер кестесін нақтылау ұсынылған.

Айта кетейік, 7 мамыр күні Пәкістан билігі әуе кеңістігі 48 сағатқа жабылғанын, Лахор, Карачи, Фейсалабад, Сиалкот және Кветту әуежайларының жұмысы уақытша тоқтайтынын хабарлаған болатын.

Пәкістан билігі қауіпсіздік шараларын Үндістан тарапының шабуылынан кейін қолға алды. Үндістан армиясы 7 мамырға қараған түні Пәкістанға әуеден шабуыл жасап, елдегі бірталай нысандарды атқылады. Үндістан армиясы Пәкістандағы террорлық инфрақұрылымға қарсы «Синдур» әскери операциясы басталғанын хабарлады. Пәкістан да қарсы оқ атып, сол түні Үндістанның үш әскери ұшағын атып түсіргені туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ оқыңыз